Спорт • 18 Тамыз, 2020

ПСЖ басымдыққа ие, бірақ «РБ Лейпциг» қара жаяу емес

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «РБ Лейпциг» Чемпиондар лигасының жартылай финалында ПСЖ командасымен кездеседі.

ПСЖ басымдыққа ие, бірақ «РБ Лейпциг» қара жаяу емес

Ширек финалда неміс клубы «Атлетиконы», ал париждіктер «Аталантадан» басым түсті. Екі кездесу де 2:1 есебімен аяқталған еді. Бұрын екі команданың жолдары бір-бірімен қиылысқан жоқ. Екі ұжым Чемпиондар лигасының жартылай финалына алғаш рет шығып отыр. «РБ Лейпциг» – ПСЖ кездесуі 18 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де Estadio da Luz стадионында (Лиссабон, Португалия) өтеді. Екінші жартылай финалда ертең «Лион» мен «Бавария» арасында өрбиді. Чемпиондар лигасының жеңімпазы 23 тамызда анықталады.

Статистика:

– «Лейпциг» G тобын жеңіп, бір ғана жеңіліске ұшырады;

– 1/8 финалда «Лейпциг» «Тоттенхэмді» жеңіп, ширек финалда «Атлетикодан» басым түсті;

– ПСЖ топтық кезеңнен жеңіліссіз өтті;

– 1/8 финалда париждіктер дортмундтық «Боруссияны» жеңіп, ширек финалда «Аталантаны» турнирден шығарды;

– «Лейпциг» пен ПСЖ-ны неміс мамандары басқарады;

– «Лейпциг» те, ПСЖ де Чемпиондар лигасының финалында өнер көрсетпеген;

– ПСЖ араға 25 жыл салып Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығып отыр;

– 1995 жылы ПСЖ Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Миланға» жол берді (0:1, 0:2);

– 33 жасында Юлиан Нагельсман Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан ең жас жаттықтырушы.