АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Шығыс Еуропаға сапары барысында Варшаваға ат басын бұрып, Польшаға америкалық сарбаздарды әкелу туралы келісімге қол қойды. Құрама штаттарының мұндай қадамға баруының түрлі себептері бар.

Екі ел арасындағы қорғаныс жөніндегі келісімге сәйкес, АҚШ тарапы Польшадағы әскерінің санын арттырады. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттары аталған елді Еуропадағы негізгі әскери орталығына айналдырмақ. «Кеңейтілген қорғаныс ынтымақтастығы келісімі» деп аталатын бұл құжатқа Польшаның қорғаныс министрі Мариуш Блащак пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео қол қойды.
«Бұл қадам Польшаға немесе АҚШ-қа қауіп төнсе, сарбаздарымыздың кез келген қиындыққа бірлесе қарсы тұруына кепіл болып, ынтымақтастықты күшейте түседі», деді Польша президенті Анджей Дуда қол қою рәсімінен кейін.
Ақ үй басшысы Дональд Трамп осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. «Бұл келісім біздің әскери ынтымақтастығымызды арттырып, АҚШ сарбаздарының Польшадағы санын көбейтіп, НАТО-ның әлеуетін одан әрі күшейтеді, Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді әрі демократия, еркіндік пен егемендікті сақтауға көмектеседі», делінген мәлімдемеде.
Қосымша сарбаз әкелуден бөлек, келісім аясында АҚШ-тың 5-ші армиялық корпусының Еуропадағы бас штабы осы Польшада орналаспақ. Сондай-ақ офицерлік құрамның 200-ге жуық өкілі де осы елде борышын өтейді.
Қазіргі таңда Польшада АҚШ-тың 4500 сарбазы бар. Еш мемлекетте олардың нақты әскери базасы орналаспаған. Бұған дейін Польша талай мәрте өз елінде тұрақты әскери база ашуға ынта білдірген-ді. Ел билігі осы арқылы шығыстан келетін қауіпке тосқауыл болудан үмітті.
«Мүмкіндігіміз мол, оған жеткілікті ресурс та бар. Әскердің қабілеті маңызға ие. Әлем қазір бұрынғыдай емес», деген М.Помпео америкалық сарбаздар Польшаға ғарыш, киберқауіпсіздік, жалған ақпаратпен күрес саласында да көмектесетінін жеткізді.
Польшаның сыртқы істер министрі Яцек Чапутович АҚШ әскерінің келуі мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейте түседі деп есептейді. Оның пайымдауынша, елде кез келген сәтте қақтығыс туындау ықтималдығы жоғары.
Екіжақты қорғаныс жөніндегі келісімнің ұзын-ырғасы осы. Бір қарағанда маңыз аударарлық ештеңе жоқ секілді көрінгенімен, Ақ үй билігі Польшамен әскери ынтымақтастықты күшейту арқылы «екі жеп, биге шығуды» көздегенін аңғару қиын емес.
Польшадағы сарбаздарының санын арттыру арқылы АҚШ Шығыс Еуропадағы өз ықпалын күшейтіп, Ресейден келетін кез келген қауіпке тосқауыл болуға талпынады. Оның үстіне, қорғаныс жөніндегі келісім аясында америкалық сардарлар Польшаның бірқатар әскери нысандарын қолдануға мүмкіндік алмақ. Олар Ресейді дәл өкпе тұсынан бақылауға осылайша қол жеткізіп отырғандай.
Әлбетте, Ақ үйдің мұндай қадамы Кремльге ұнаған жоқ. Ресей сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захарова осы оқиғаға байланысты пікір білдіріп, америкалық әскердің Ресей шекарасына жақындауы жағдайды одан әрі күрделендіре түседі деп мәлімдеді.
«Мынаған тағы назар аударғым келеді. Польшадағы америкалық әскердің санын арттыру қауіпсіздік мәселесін шешпейді, қайта Ресейдің батыс шекарасында туындаған қиын жағдайды одан әрі күрделендіріп, шиеленісті күшейтіп, күтпеген оқиғаға душар етуі мүмкін», деді М.Захарова.
Польшамен арадағы келісімнен екі апта бұрын Вашингтон билігі Германиядан 12 мың сарбазын әкететінін хабарлаған. Оның жартысына жуығы НАТО-ға мүше басқа елдерге көшірілсе, қалғаны елге қайтарылмақ. Д.Трамп әкімшілігі бұған дейін талай мәрте Германияны сынап, НАТО-дағы міндетін дұрыс орындамай отырғанын жиі көтеріп келген. Оған қоса, немістердің «Солтүстік ағын – 2» газ құбыры жобасына қызығуы да Ақ үйге ұнаған жоқ. Осылардың бәрін ескере келе, Д.Трамп Германияға сарбаздарын әкету арқылы ескерту жасап қоюды жөн көрген сыңайлы.
Айтпақшы, Майк Помпео мен Анджей Дуда келісімге қол қойылғаннан кейін Польшадағы Белгісіз сарбаз ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бір айта кетерлігі, бұл ескерткіш 1920 жылғы соғыста Польшаның ресейлік большевиктерді жеңгені үшін қойылған-ды.
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Қазақстан • Кеше
Балаларға жанашырлық – бәрімізге ортақ міндет
Қоғам • Кеше
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Азия чемпионатында алты жүлде бұйырды
Спорт • Кеше
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Кеше
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Кеше
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Кеше
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Кеше
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Кеше
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Кеше
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Кеше
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Кеше
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Кеше
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Кеше
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Кеше
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Кеше
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Кеше
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Кеше
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Кеше
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Кеше
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Кеше
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Кеше
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Кеше
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Кеше
Руханият • Кеше
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Кеше
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар