25 Қазан, 2013

Ветеринарлық қызмет «Нива» көліктеріне ие болды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі ветеринарлық мекемелерге қала маңындағы 12 ауылдық округке қызмет көрсету үшін «Нива» маркалы жаңа автокөліктер табысталды. Қаланың орталық алаңында өткен салтанатты рәсімге қатысқан «Семей қалалық ветеринария және фитосанитария қызметі» КМК директоры Амангелді Мұсамбаевтың айтуынша, 2012 жылдан бас­тап ветеринарлық қызмет саласын Қазақстан жоғары дәрежеге көтеріп, дамыту үстінде. Соған орай республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 12 автомобиль сатып алынған. Көліктердің іші арнайы жарақтандырылған. Мал дәрігерлері үшін терможәшіктер бар. Онда бактериялық материалдар мен арнайы хирургиялық құралдар сақталады. Бір көліктің құны 1 млн. 786 мың теңге тұрады. Біреуі Курчатов қаласына арналса, қалғандары Абыралы, Алғабас, Қараөлең, Знаменка, Ново-Баженово, Приречный, Иртышский, Озёрка, Ақбұлақ, Жиеналы, Ертіс және Жазық ауылдық округтеріне қызмет етуге жіберіледі. Ветеринарлық қызметті жақсарту үшін қалалық мәслихаттың шешімімен 10,5 млн. теңге бюджеттен бөлінген. Енді ол ақшаға ауылдарда ветбекеттер ашылып, олар құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болмақ.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19