Қоғам • 19 Тамыз, 2020

Жұмыссыз жастар бастапқы тәжірибені қалай жинай алады?

546 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар тәжірибесі үшін төленетін еңбекақы 89 540 теңгені құрайды,  - деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыссыз жастар бастапқы тәжірибені қалай жинай алады?

Елордалық Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген жас мамандарды «Еңбек» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша жұмысқа орналасуға шақырады.

Бұл соңғы үш жылда оқу бітірген түлектерге арналған жұмыссыз жастар үшін арналған бағдарлама. Жұмысқа тұрушының жасы жиырма тоғыздан аспауы қажет.

Жастар практикасына қатысқандарға жұмыспен қамту орталығы ай сайын - 89 540 теңге еңбекақы төлейді, әлеуметтік аударымдарды ескерсек - 76 801 теңгені құрайды.

Жастар практикасы уақытша жұмыс. Ұзақтығы алты айдан аспайды. Егер маман өзін дәлелдесе, онда тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

«Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына құжат тапсырады: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі», - делінген Жұмыспен қамту орталығында.

Жастар практикасынан өту мерзімі еңбек кітапшасына жазылады. Мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға оның өтініші бойынша ұсыныс хат береді.

Ұсынылған бос жұмыс орындары мен ұйымдардың тізімін орталықтың сайтында. Жастар практикасына қатысу үшін +7 775 654 0790, +7 705 329 7719, + 717 257 89 12, +717 257 89 34 нөміріне хабарласуға немесе proftest.cz@mail.ru электронды поштасына хат жолдауға болады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.


Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50