
"Құрметті достар! Бүгінде Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Nur Otan"-ның партияішілік сайлауына қатысуға бүкіл ел бойынша үміткерлерді ұсыну мен тіркеу жүріп жатқанын жақсы білесіздер.
Тек алғашқы екі күннің өзінде 3209 азамат өтініш берді. Олардың 1138-і – әйелдер, оның ішінде 48-і – көп балалы ана. 788 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар, сондай-ақ 31-і – ерекше қажеттіліктері бар азамат. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 1079 адам ұсынылса, 2130 кандидат – өзін-өзі ұсынғандар.
Кез келген сайлау процесінің айқындығы мен легитимділігінің ажырамас белгілерінің бірі тәуелсіз байқаушылардың қатысуы болып табылады. Сондықтан біз өңірлердегі партиялықтармен бірге жан-жақты талқылай отырып, байқаушылардың міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайтын ережені бекіттік.
Сонымен, кандидаттың сенім білдірген тұлғасы (партия мүшесі) байқаушы бола алады.
Дауыс беру күні ол дауыстарды санау рәсімдері мен учаскелерде дауыс беру қорытындыларын ресімдеуді бақылауға, тасымалданатын урналардың қасында жүруге, ұсыныстар беруге және есеп комиссиясының шешімдері бойынша шағым жасауға, сондай-ақ пайдаланылмаған бюллетеньдерді жою кезінде басында болуға құқылы. Фото және бейнежазба жасауға рұқсат етіледі.
Бұзушылық фактілерін анықтаған жағдайда байқаушы есеп комиссиясының мүшелерін хабардар етеді. Олқылықтар жойылмаған немесе негізделген бас тарту ұсынылмаған жағдайда, ол аймақтық және аумақтық партиялық бақылау комиссиясына шағымдануға құқылы.
Аталған орынның берген қарастыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, байқаушы шағымды komek@nurotan.kz электронды почтасы бойынша Орталық партиялық бақылау комитетіне жолдай алады. Ол екі күн ішінде түпкілікті шешім шығаруға міндетті. Сондай-ақ 8 (800) 080 4441 арнайы жедел желісі ұйымдастырылған.
Сонымен қатар онлайн-дауыс беру өткізу үшін біз отандық ІТ-мамандармен бірлесіп "Праймериз" ақпараттық жүйесін әзірледік. Ол сайлау барысына қандай да бір заңсыз араласу немесе кенеттен "іркіліп" қалу ықтималдығына жол бермей, дауыстарды нақты уақыт режимінде санау мүмкіндігін көздейді.
Жалпы, қазіргі кезде ашық та әділ партияішілік сайлаудың өтуіне қажетті барлық жағдай жасалған. Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев праймериз басталар күні атап өткендей, бастысы – айқындық пен тазалықты, барлық қатысушыларға тең мүмкіндік пен бәсекелестікті қамтамасыз ету.
Тағы да баршаңызды праймеризге қатысуға шақырамын. Үміткерлерді ұсыну мен тіркеу мерзімінің бітуіне небәрі бір аптадан астам уақыт қалды.
Байқаушыларға арналған ережемен толығырақ nurotan.kz және primaries.kz сайттарында орналастырылған нұсқаулықтан танысуға болады", - деп жазды Бауыржан Байбек.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Nur Otan" праймеризі тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. Бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" партия жұмысын "қайта жандандыру" бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі.
Праймеризге қатысу үшін өтінішті https://primaries.kz/ сайтында "Праймериз" ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.
Салымшылар табысы 1,2 триллион теңгеден асты
Қаржы • Кеше
Алматыда шамамен індеттің 40%-ы қоғамдық орындарда жұғады
Коронавирус • Кеше
Өскеменде есірткі «қойып кетуші» қыз ұсталды
Видео • Кеше
Жаңақала жігіттерінің жақсы ісі
Қоғам • Кеше
Президент ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Қоғам • Кеше
Қостанайда құрылыс алаңы отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық судьялар сот шешімінің орындалуын қадағалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтың дамуына «Ауыл – ел бесігі» екпін берді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда карантин талаптары қайта күшейді
Аймақтар • Кеше
Елбасы Асхат Аймағамбетовті қабылдады
Елбасы • Кеше
Доллардың ертеңгі бағамы белгілі болды
Экономика • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Сау адамдарға ПТР-тест жасауға болмай ма?
Қоғам • Кеше
Қостанайдағы құрылыс алаңында вагон өртенді
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бір айдың ішінде 30 млн қолданушысынан айырылды
Технология • Кеше
Өткен жылы Алматыға 88 мыңнан астам иммигрант келген
Қоғам • Кеше
Қытай әскері Тайванға басып кірді
Әлем • Кеше
Жамбыл облысында балық шаруашылығы дамып келеді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
Аймақтар • Кеше
Интернет алаяқтың тағы бір құрбаны 500 мың теңгесінен айырылды
Аймақтар • Кеше
Қызылордада күдікті көліктен 1 келі есірткі табылды
Аймақтар • Кеше
Сенаторлар нотариат туралы заң жобасын қарайды
Парламент • Кеше
Қарағанды облысында зейнеткерлер тоналды
Аймақтар • Кеше
Көлік апаты.. Ақтөбеде екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% сақтап қалды
Экономика • Кеше
Өз туыстарын тонаушылар көбейген
Аймақтар • Кеше
Әлемде табиғат апаттары жиілеп кетті - экологтар
Экология • Кеше
Бүкіл Еуропаға ортақ болған валюта табылды
Тарих • Кеше
Қазақстанда тоқыма өндірісінің қарқыны қандай?
Қазақстан • Кеше
Экология вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Елордада қылмыс саны 20%-ға азайған
Аймақтар • Кеше
1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлы телехабарға көшеді
Технология • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Вакцина қабылданған АҚШ тұрғыны қайтыс болды
Әлем • Кеше
Бразилияда футболшылар бар ұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Көктемгі егіс науқанына дайындық басталды
Қазақстан • Кеше
Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Оқиға • Кеше
БҚО: Баланы қар үйіндісі басып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы ақшаны қайда жұмсай алады?
Қаржы • Кеше
Көксу зауыты қамыстан қант шығаруды қолға алды
Аймақтар • Кеше
Триестадағы турнирде алтыншы орында қалып қойдық
Спорт • Кеше
Індет жұқтырғандар саны көбейді
Коронавирус • Кеше
Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Білім беру саласы толығымен цифрландырылды
Аймақтар • Кеше
«HR-PROCESS»: 2 мыңнан аса үміткердің өтініші қабылданды
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Алдағы күндері қар жауып, күн жылынады
Қазақстан • Кеше
Мексика президенті коронавирус жұқтырды
Әлем • Кеше
Өткен жылы 240 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар