Спорт • 19 Тамыз, 2020

Футзалдан Қазақстан чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің отырысында қабылданған шешім бойынша 2020 жылдың 12 наурызынан бері ресми матчтар өткен жоқ. Осылайша, "Қайрат" чемпион деп танылды, ал "Ақтөбе" екінші орын алды. Футзалдан Чемпиондар лигасында Алматы мен Ақтөбе клубтары өнер көрсетеді. Бұл туралы Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

ҚФФ атқарушы комитетінің шешімі келесі жағдайларға негізделеді:

- санитарлық-эпидемиологиялық карантин шараларының жалғасуы және сәйкесінше жабық алаңдарда спорттық жарыстарға тыйым салу салдарынан турнирді одан әрі өткізу мүмкін емес;

- футзал бойынша Қазақстан чемпионатының қатысушылары матчтардың 70 пайызын ойнағандықтан, кестедегі орындар соған қарап белгіленеді;

- Футзалдан Чемпиондар лигасына қатысу үшін қазақстандық клубтар турнирлік өтінімді жедел түрде жіберу қажет.

"Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі жақында өтеді. Осылайша, турнирдің қазақстандық қатысушылары өтініш құжаттарын қазір тапсыруы керек. Жабық жарыстарға әлі де қатаң тыйым салынғандықтан чемпионатты аяқтау мүмкін емес. Спорт принципі үстемдік ету үшін, Қазақстан футбол федерациясы ұлттық біріншілік қатысушыларының қолдауына жүгініп, чемпионатты қазіргі жағдайдың нәтижелері бойынша аяқтап, ең мықты клубтарға халықаралық аренаға қайтадан шығуға мүмкіндік берді", - деді Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментінің директоры Асқар Абилдаев.

Айта кетейік, чемпиондар лигасының жеребесі 2020 жылдың 2 қыркүйегінде өтеді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.