Аймақтар • 19 Тамыз, 2020

Карантин кезінде жарты миллионға жуық шымкенттік әлеуметтік төлемдер алды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығында болды. Сенаторлар карантинге байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету шараларын талқылады. Бұл туралы Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Карантин кезінде жарты миллионға жуық шымкенттік әлеуметтік төлемдер алды

Орталық мамандары атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша келіп түскен өтініштерді жедел өңдейтіндерін айтты. Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері жарты миллионнан астам шымкенттік ақша табу мүмкіндігін жоғалтқан. Құжаттарын тапсырған жұмыссыздардың барлығы дерлік мемлекеттен ақшалай өтемақы алды. Тұрғындарды қолдау мақсатында жалпы сомасы 19,9 миллиард теңге бөлінген.

Сенаторлар карантин алынып тасталғанына қарамастан, жұмысқа орналастыру және туындаған әлеуметтік проблемаларды жедел шешу арқылы халыққа одан әрі де көмек көрсету керек екенін, әсіресе адамдардың өтініштеріне қамқорлықпен әрі сергек қарау қажет екенін жеткізді.

Қайтадан карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен кейін Жұмыспен қамту орталығына жұмыс берушілерден 26 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, 33 мың адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі бар екені көрсетілген. Сонымен қатар, Орталық жалпы сомасы 6 миллиард теңгеге тағы 141,5 мың тұрғынға материалдық көмек көрсетті.

Сенаторлар, сондай-ақ, әкімдік пен қайырымдылық ұйымдарының өкілдеріне аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетуді тоқтатпау туралы өтініш білдірді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.