Елорда • 20 Тамыз, 2020

Елордада қандай спорт нысандары жөнделуде?

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда спорт нысандарын салу, жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елордада қандай спорт нысандары жөнделуде?

Елордада қандай спорт нысандарына жөндеудеу жмыстары жасалып және спорттық нысандардың құрылысы туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады.

Қалада "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша үш спорт нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, "Толқын" спорт кешені ағымдағы жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта кешеннің шатырын күрделі жөндеуден аяқталды. "Астана Арена" стадионында футбол алаңдары, киім ауыстыратын бөлмелер мен кіреберістер жаңаруда.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазақстан" спорт сарайын ақылды технологияларды қолдана отырып модернизациялау және пайдалануға беру жобасы жасалуда. Қазір жоба құжаттаманы бекіту кезеңінде.

Жалпы, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында елордада 15 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

"Қазанат" ипподромы аумағында иппотерапия әдісін қолдана отырып, мүгедек балаларды оңалту үшін ат спорты орталығын салу жұмыстары жүргізілуде. Оның сыйымдылығы 250 адамға арналған. Нысанда 600 орын бар. Жоба жеке қаржылық бастама бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда.

IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығының талаптарына толық сәйкес, жабық үй-жайларда жеңіл атлетика бойынша халықаралық және республикалық жарыстарды өткізетін жеңіл атлетика спорт кешені пайдалануға беріледі. Бұл нысанның ашылуымен елордада спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде әлем чемпионаттары мен жазғы Олимпиада ойындарына дайындауға арналған заманауи жоғары технологиялық база пайда болады.

Ильинка, Көктал-2, Өндіріс, Железнодорожный тұрғын алаптарында төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда бүгінде 30 ірі спорт нысаны жұмыс істейді, оның 18-і мемлекеттік, 12-сі жеке меншік.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20