Экономика • 20 Тамыз, 2020

Еліміздің сыртқы сауда айналымы 7,4 пайызға төмендеді

377 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылы елдегі сыртқы саудадағы тауар айналымы 42,5 млрд долларды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7 пайызға төмендеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің сыртқы сауда айналымы 7,4 пайызға төмендеді

"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де саудаласу көлемі 10 процентке түсті. Осы орайда кәсіпкерлерге жаңа нарықтарға шығу үшін қолдау көрсетіледі. Мәселен, жақында 40 азық-түлік өндірушісі Қытай еліне өз өнімдерін жібереді. Сұлтанов 2025 жылға дейін тағы 600 кәсіпорын осы тізімге енеді", деп атап өтті Б.Сұлтанов.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ведомство өнімдерді сертификаттау жүйесін енгізді. Нәтижесінде, отандық экспорттаушылар тауардың Қазақстанда жасалғанын жарты жылда бір рет растаса жеткілікті болады. Министрлік экспорттық қаржыландыру бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялауды қолға алды. Мұндай шешім құны 300 миллиард теңгені құрайтын өнімді жеткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

"Саудасын электронды форматта жүргізетін бизнесмендер де назардан тыс қалмайды. Кейбір компания табыс салығынан босатылмақ. Сонымен қатар қазір банкаралық аударымдардың комиссиясын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр. Айта кетейік, қазір елде 13 отандық цифрлық сауда алаңы бар. Жыл соңына дейін электронды сауда көлемі 900 миллиард теңгені құрайды. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 2 триллионға дейін артуы тиіс. 4 жылдан кейін саудаласудың бұл түрі жалпы нарықтың 15 процентін қамтиды деген болжам бар", дейді Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.