Әлем • 20 Тамыз, 2020

Финляндия 10 елмен қатынасты шектеді

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндия үкіметі COVID-19 ауруы толастамай тұрған 10 елмен арада шектеуді қайта енгізді. Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Финляндия 10 елмен қатынасты шектеді

Елдің Ішкі істер министрлігінің сайтында 24 тамыздан бастап Норвегия, Дания, Исландия, Германия, Греция, Мальта, Ирландия, Сан-Марино, Жапония  және Кипрмен арада барыс-келістің шектелетіні көрсетілген. Сонымен бірге Солтүстік Македония мен Турку қаласын жалғаған әуе байланысы да тоқтатылуы мүмкін. Себебі, суоми жұртына осы елден келген 40 адамнан вирус анықталыпты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, шілдеге қарағанда тамызда финдіктер арасында ауру көрсеткіші ұлғайып отырған екен.

Пандемия жария етілгелі бұл елде 7752 адам ауырып, 334 жан көз жұмыпты.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.