25 Қазан, 2013

Ұлттар ұйымындағы қызметі үшін алғыс

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қасым-Жо­март Тоқаевқа жолдаған жеке хатында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайлануы­мен құттықтады және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Же­невадағы бөлімінің Бас директоры лауазы­мын­дағы табысты қызметі үшін алғыс айтты, деп ха­барлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

«Сіздің Женевадағы орныңыз ерекше болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл жүйесіндегі әріптестерім атынан белсенділігіңіз және ынтымақшылдығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Халықаралық қоғамдастық үшін күрделі кезеңде сіз Женеваны халықаралық қызметтің маңызды торабына, БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі күш-жігері мен көптеген шараларының орталығына айналдыруға ықпал еттіңіз», делінген БҰҰ Бас хатшысының жеделхатында.

Қызметі мен достығына өзінің ризашылығын білдірген Пан Ги Мун Қ.Тоқаевқа жаңа әрі жауапты миссияны жүзеге асыруда ізгі тілектестігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19