"Nur Otan" партиясы Жақтастарының лигасы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен болған кездесуде праймериз мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу барысында тәуелсіз бірлестіктердің, оның ішінде өңірлерден келген 50-ден астам өкіл сұрақтарын қойып, "Nur Otan" партиясының праймеризін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын да ортаға салды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуразиялық интеграция институтының басшысы Ерлан Саировтың айтуынша, бүгінде бүкіл әлемде адамдардың түрлі саяси институттарға деген сенімі төмендеп кеткен. "Nur Otan" жаңа және белсенді адамдарға арналған партиялық "әлеуметтік лифттің" нақты тетігін іске қосу арқылы өзінің халықтық партия екенін көрсетіп отыр.
"Қазір – өзгерістер заманы. Дүниежүзіндегі, оның ішінде Америка құрама штаттарындағы, Еуропадағы, өзімізбен көршілес Белоруссиядағы жағдайды барлығымыз көріп отырмыз. Ол бізге де әсер етеді. Бұл бізге де өзгерістерді тезірек жасау керектігін сездіреді. Сондықтан менің ойымша, қазіргі кезде патриот азаматтар мен ең басты саяси күштердің барлығы еліміздегі процестердің эволюциялық тұрғыда дамуына өз үлестерін қосқысы келеді. Қазақтың өте жақсы бір мақалы бар, "Сел өтеді, тас қалады" дейді. Саяси процестер өтеді бірақ біздің мемлекетіміз қалуы керек. Қазақтың бір-ақ құндылығы бар, ол – қазақтың мемлекеті. Менің ойымша, саясатқа келген азаматтардың барлығы ең бірінші осыны есте ұстауы керек. "Nur Otan" праймеризі – бұл жалпы елдің саяси жүйесін өзгертудегі маңызды қадам екеніне сенімді болғандықтан да, біз бірігуді жөн көрдік. Партияның Жақтастар лигасы праймериздің ашық және әділ өтуіне қоғамдық бақылау жасайды. Бүкіл ел оң өзгерістерге мүдделі", – дейді ол.
Іс-шараға барлық өңірлерден 50-ден астам тәуелсіз бірлестіктердің өкілдері қатысты, олардың арасында Ерлан Саиров, Бағдат Қожахметов, Әлия Садырбаева, Марат Шибутов, Марал Ерғазина, Ильмар Хусаинов бар.
Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар "Праймериз" арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.
Толық ақпаратты https://primaries.kz/ сайтынан білуге болады.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық
Білім • Кеше
«Жасыл дәліздің» жақсылығы мол
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Абайдың философиялық көзқарасы
Абай • Кеше
Арзан бензин көршілерге кетіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Учаскелік инспектор халықтың көңілінен шыға ма?
Қоғам • Кеше
Ұлт ұстазы және Батпақты мектебі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Таным • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Фильмге арқау болған жанкешті ерлік
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Таным • Кеше
Сұхбат • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұлттық тәрбие – асыл қазынамыз
Қоғам • Кеше
Грант алуға өтінім қабылдау басталды
Бизнес • Кеше
Өнер • Кеше
«Астана» сапына француз футболшысы қосылды
Футбол • Кеше
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Кеше
Елордалық ҚХА өкілдері киелі орындарды аралады
Елорда • Кеше
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Кеше
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Кеше
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Кеше
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Кеше
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Кеше
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Кеше
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар