Медицина • 20 Тамыз, 2020

Ауруханаларда берілетін тегін тамаққа мониторинг жүргізілді

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Бахыт пен "Өскемен – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі С.Қайсарбеков республикалық "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің тапсырмасына сәйкес Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығы, №1 қалалық емхана және Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауруханаларда берілетін тегін тамаққа мониторинг жүргізілді

Бүгінде емханалардағы перзентхана мен хирургия, кардиохирургия  бөліміндегі науқастарға 3 уақыт, ал COVID-19 вирусын жұқтырған науқастар мен дәрігерлерге 4 уақыт тамақ беріледі. Әр уақытта әзірленген тамақтар ең бірінші кезекте сынама тексерістен өтеді. Нәтижесінде, дұрыс әрі сапалы өнімдерден дайындалған тағамдар тұтынуға ұсынылады. Осы мақсатта жобалық кеңсе жетекшісі М.Бахыт аурухана басшыларымен және емделіп жатқан науқастармен әлеуметтік қашықтықтық пен санитарлық талаптарды сақтай отырып, тікелей кездесіп, ас мәзірі мен қолданылатын өнім сапаларына және оған бөлінетін қаржының тиімді игеру барысына қоғамдық мониторинг жүргізді.

Аталған мәселе жобалық кеңсенің басты назарында болып, қолданылатын өнімдер мен игерілетін қаржыларға мониторинг жұмыстары күшейтілетін болады.

Айта кетейік, бұл қоғамдық мониторинг жұмыстарын Шығыс өңіріндегі барлық қала-аудандардағы "Адалдық алаңы" жобалық кеңселері жалғастырып отыр.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.