Аймақтар • 20 Тамыз, 2020

Өзін ғана ойлаған тұрғындар өзгелерді көзге ілмеген

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың оңтүстік қақпасының кіреберісінде тамаша "Жас өркен" шағын ауданы бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz

Өзін ғана ойлаған тұрғындар өзгелерді көзге ілмеген

Бұл ауданның үйлері кілең жаңа жобамен салынған, заманауи әсем үйлер. Алайда осы үйлер тұрғындарының мәдениеті өздерінің тамаша үйлеріне сәйкес болмай, өзімшілдікке бой ұрғызған.

Пәтерлерін ретке келтіруге асыққан тұрғындар құрылыс қоқыстарын үйіндіге айналдырып, сол маңдағы жер үйлердің маңына үйіп тастаған. Наразылықтарын білдірген жер үйлердің тұрғындары әлеуметтік желілерде қоқыс төгілген жерлердің суреттері мен видеоларын жариялауда. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тазалықты сақтау ережелерін бұзғандарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Учаскелік полиция инспекторы үш тұрғынды жауапқа тартты: біреуі ескерту алып, екеуіне айыппұл салынды. Учаскелік инспектордың жұмысының нәтижесінде қазір қоқыс шығарылды.

Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдын Ахмағамбетовтың айтуына қарағанда негізінен қала шетіндегі тұрғындар арасында болып тұратын бұл проблеманың қала орталығына айналады деген жаңа "Жас өркен" шағын ауданында орын алғаны тіпті өкінішті. Жалпы, жыл басынан бері Петропавл қаласы ПБ полицейлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" бабы бойынша 2659 хаттама толтырған. Құқық бұзушылардың көпшілігіне ескерту жасалып, 82 адамға айыппұл салыныпты.