Генетикалық қару әлі де шығарылып жатуы мүмкін. Бұл туралыParanormal-news.ru хабарлады.
Генетикалық қару белгілі бір нәсілді мақсатты түрде жойып жібере алады.
Қытай халқы 2002 жылы жаппай өкпе қабынуына (пневмония) ұшыраған болатын. Мыңдаған адам жөтеліп, қалтырап және дене қызуы көтеріліп сырқаттанды.Науқастардың барлығына – өкпе қабынуы деген диагноз қойылды. Алайда, оларға ешбір дәрі көмектеспеді. Нәтижесінде ауыр індеттен біраз адам көз жұмды.
Бір айдан соң, түсініксіз жұқпалы ауру жер бетіне таралып , адамдар белгісіз жаңа вирустан жапа шегіп жатты.
Қытай ғалымдары тыңғылықты зерттеу жүргізе келе, мынадай деректерді ұсынды. «Ауруға шалдыққандардың шамамен 100 пайызы этникалық қытайлар. Індеттен көз жұмған 813 адамның ішінен 770-і Қытай азаматтары. Бұл деректер біреудің қытайларға бағытталған жаңа генетикалық қаруды қолданғанын аңғартады», – дейді аспан асты елінің ғалымдары.
Генетикалық қару жөнінде алғаш рет өткен ғасырдың 80-ші жылдарында ашық айтыла бастады. Тіпті, Оңтүстік Африка Республикасында ресми түрде қара нәсілді адамдарға арналған генетикалық қару сынақтан өткізіліп жатты. Деректерге байланысты, зертханаларда қара нәсілді адамдарға жұқпалы қоспаны жүгері мен сыраға қосып беріп отырған көрінеді.
Көп ұзамай сынақтарды тоқтатуға тура келді. Себебі, оның қаупі күшейе түсті. Әлемде таза этникалық нәсілдер мен ұлттардың аз болуына байланысты, жаңа қарудың бақылаудан шығып кетіп, бүкіл адамзатқа зиян келтіру қаупі туындады.
Алайда, көптеген мамандардың ойынша, генетикалық қару әлі күнге дейін құпия түрде жасалып шығарылуда.
Айдар Өрісбаев.