Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жылы Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және басқа да мерекелердің тізіміне қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің де күні енгізілді. Міне, содан бері әлеуметтік салада қызмет атқарып жүргендер өздерінің кәсіби мерекелерін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жылы Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және басқа да мерекелердің тізіміне қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің де күні енгізілді. Міне, содан бері әлеуметтік салада қызмет атқарып жүргендер өздерінің кәсіби мерекелерін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алады.
Халықты әлеуметтік қорғау ХХ ғасырдың аяғында кез келген өркениетті мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі атрибуты болды. Көптеген әлеуметтік қорғау жүйелерінің міндеті халықтың тұрақты табысын қолдау, медициналық көмекке қолжеткізу және қажетті әлеуметтік қызметтер көрсетуден тұрады. Ұйымдастырылған жүйе ретінде ол әлемнің көптеген елдерінде тұрақты жұмыс істейді. Экономикасы дамыған мемлекеттерде әлеуметтік қорғау, бүгінде жұмсалатын шығындары жалпы ішкі өнімнің төрттен бір бөлігін құрайтын, ұлттық экономиканың маңызды бөлігі болып табылады.
Еуроодақ елдерінде әлеуметтік қорғау жүйесіне нақты әсер қазіргі заманғы демографиялық қарқындар (халықтың табиғи өсімі деңгейінен туудың төмендеуі және халықтың қартаюы), еуропалық ықпалдастық пен экономикалық жаһанданудың күшеюі әсер етуде. Бұл Еуроодақ елдерінде экономикалық даму басымдықтары мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары арасындағы қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндік тудыратын қоғам дамуындағы экономикалық және әлеуметтік құрамдардың арасындағы тиімді қатынасқа қол жеткізу үшін жаңа жолдарды іздеу қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ата Заңында Қазақстан құқықтық әлеуметтік мемлекет болып табылады деп атап көрсетілген. «Әлеуметтік» сөзі мемлекеттегі барлық азаматтардың әл-ауқатының қандай да бір деңгейін қамтамасыз етуге, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға және қоғамда әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған саясатты жүзеге асыруға бейімделген жағдайды білдіреді.
Қоғамдағы әлеуметтік келісім мен ынтымақтастыққа жәрдемдесетін, азаматтардың материалдық әл-ауқатын арттыру үшін қажетті халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік мемлекеттің ажырамас бөлігі екендігі аян. Қазақстанның алдында да халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өмір сүру деңгейін сапалы әрі жылдам арттыра алатын әлеуметтік қорғау жүйесін құру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік болып табылады», деп атап көрсетті.
Сондықтан, әлеуметтік жаңғырту ең алдымен қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және мемлекеттің мүдделері әлеуметтік әділеттілік пен жеке жауапкершілік қағидаттары ескерілетін жүйе құру арқылы жүргізіледі.
Көптеген елдердегі әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық жүйесінің негізгі факторлары – еріктілік немесе әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі, мемлекеттің қатысу деңгейі, әлеуметтік қорғау қызметтерімен халықтың қамтылу дәрежесі, берілетін әлеуметтік қызметтер мен төлемдер көлемі, әлеуметтік қорғау мақсаттарына табыстарды қайта бөлу сипатында болып отыр.
Алайда, даму жолдары мен ұйымдастыру ерекшеліктерінің, қызмет сапасы мен көлемінің әр түрлілігіне, сонымен қатар, қаржыландыру тәсіліне қарамастан барлық әлеуметтік қорғау жүйелері бірыңғай қағидаттар негізінде қызмет етеді.
Әлемдік тәжірибеде жұмыс істейтін халық үшін олардың әлеуметтік қамсыздандырылу құқықтарын жүзеге асырудың негізгі институттары – жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты аса маңызды және кең ауқымды әлеуметтік қатерлерден қорғауды қамтамасыз ететін бірден-бір жол – әлеуметтік сақтандыру.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мамандарының пікірінше әлеуметтік сақтандыру жүйесі экономикалық қолайлылықты, жеке әділеттілікті және әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ететіндей болып құрылуы қажет.
Халықты әлеуметтік қорғау халықтың табиғи өсу үрдісіне оның әсерінің алдын алу немесе төмендету, келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатында әлеуметтік қатерлерді басқару жүйесі ретінде қаралады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың көптеген жүйелерінің міндеті адамдар табысының тұрақтылығын қолдау, қажетті әлеуметтік қызметтерді алуға қол жеткізуден тұрады. Тұтастай алғанда, 2005 жылдан бастап енгізілген Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін ұйымдастырудың негізіне мынадай қағидаттар алынған:
• жалпыға бірдейлік - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады;
• төлеушінің жауапкершілігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi және (немесе) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның жауапкершілігі;
• ынтымақтастық – әлеуметтік қатер төнген қызметкерлер ғана немесе асыраушысынан айырылған жағдайда оның отбасы мүшесі Қордан әлеуметтік төлемдер алушылар болып табылады;
• әділеттілік – Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және Қорға түскен ай сайынғы әлеуметтік аударымдар мөлшеріне байланысты болады.
Төлеушілердің қызметкердің табысынан 10 төменгі жалақы мөлшеріндегі (2013 жылы – 186 600 теңге) әлеуметтік аударымдарды уақытында төлеп отыруы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына заңнамамен көзделген әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда Қордан төленетін тиісінше әлеуметтік төлемдер деңгейін қамтамасыз етеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын қызметкердің табысына шектеу белгілеу әлеуметтік сақтандырудың халықаралық тәжірибесінде кеңінен қолданылады.
1-диаграмма

Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай әлеуметтік тәуекелдерді қамтиды:
-еңбек ету қабілетінен айырылу;
-асыраушысынан айырылу;
-жұмысынан айырылу;
-аналықты және балалықты қорғау.
2-диаграмма

Қордан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу, жұмысынан айырылу жағдайларына және ана мен баланы қолдауға төленетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Осылайша, осындай төлемдерді алушыларда міндетті зейнетақы жарналарының тиісті деңгейі жинақталады.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 30 маусымы аралығында Қордан төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 330,6 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 305 млрд. теңге немесе 92 % ана мен баланы қорғауға жұмсалды.
Еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер ұзақ мерзімді болып табылады. Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем еңбек ету қабілетінен айырылған барлық кезеңге төленеді, бірақ алушы зейнет жасына жетіп, зейнетақы тағайындалған күннен бастап тоқтайды, ал асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем – асырауында болған адам кәмелеттік жасқа толғанға немесе жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді. Тағайындалған ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің сатып алу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің шешімі негізінде жыл сайын айтылып отырған әлеуметтік төлемдер индекстеледі. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру мөлшері 16 %-ды құрады.
Сонымен, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі экономикалық өсімге, әлеуметтік әділеттілікке және халықтың әл-ауқатының жақсаруына елеулі үлес қосуда. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әрбір экономикалық және әлеуметтік қатынастар субъектісі өзінің мүддесін жүзеге асырады:
- қызметкерлер (және олардың отбасы мүшелері) табыстарын жоғалту жағдайлары туындағанда (ауру, өндірістегі жазатайым оқиға немесе жұмыссыздық) ынтымақты әлеуметтік қорғалуға жүгіне алады;
- жұмыс берушілер сақтандыру жарналарын төлей отырып, осындай қатерлердің өтемін төлеуге шығындарды азайтады, сонымен бірге, әлеуметтік теңдікті қалыптастыру үшін жауапты болады;
- мемлекет әлеуметтік субъектілерге өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқық бере отырып (заң арқылы), қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды тікелей қаржыландыру міндетін өзінен алады.
Қорыта келе, бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда жұмыс істейтін халықты қосымша қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементі болып отырғанын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта ынтымақтылық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесі денсаулығына, жасына, жынысына, тұрғылықты жеріне байланыссыз оның қатысушыларының тең мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет басшысының Жолдауы аясында әлеуметтік жаңғырту шаралары әлемнің жекелеген елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибесінен аса сәтті және тиімді үлгілерді алуға тиімді жағдай жасай отырып, қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзекті болып отыр.
Әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің кәсіби мерекесі халықтың өмір сапасын арттыруда және Қазақстанның табысты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті тұрақтылықты, әлеуметтік әділеттілікті қолдау міндеттерін шешуде оның маңызды екендігін көрсетіп отыр.
Алмас ҚҰРМАНОВ,
«Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры» АҚ президенті.