Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Атырауда Каспий теңізінің жағалауы әлі өртеніп жатыр

2010 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт те – тілсіз жаудың бірі. Қалай тұтанғанын да аңғармай қаласың. Кешеден бері Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр. Әзірге сөнер түрі жоқ, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Каспий теңізінің жағалауы әлі өртеніп жатыр

Оңайлықпен сөнбейтіндей себебі бар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанып жатқан қамыстың айналасы құрғақ емес. Ал батпақты жерге өзге түгілі өрт сөндірушілердің арнайы техникасы да бара алмайды. Міне, осындай себептен, теңіз жағалауындағы қамыстың түтіні көкке көтеріліп, әлі өртеніп жатыр.

"Өртенген аумаққа техника бара алмағандықтан, дронмен бақылау жасалып отыр. Қазір жағалаудағы 4 гектар алқап өртенді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.