Депутат алдағы сессияда Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайтынын айтты. Сондай-ақ, кездесуде өңірдің экспорттық әлеуеті, асыл тұқымды мал өсіру мен селекция жүргізуге субсидиялар беру мәселелері және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары талқыланды.
Депутат Дүйсенғазы Мусин Ұлан ауданындағы 3500-ден астам ірі қара мен 1500-ге жуық марал өсіретін ірі шаруашылықтардың бірінің жұмысымен танысты. Шаруа қожалығы округ тұрғындарын жоғары сапалы өнімдермен – ет және сүтпен ғана емес, ең бастысы – жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Сенатор «Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық палатасы» төрағасымен малшылардың мәртебесін көтеру және олардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ ветеринария саласындағы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, депутат өңірде орналасқан басқа да бірқатар шаруашылықтардың егіс алқаптарын аралап көрді.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.