Руханият • 25 Тамыз, 2020

Достастық жұлдызы

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақто­ты Райым­құлова өзі­нің Facebook-тегі парақ­ша­сы арқылы жалпақ жұрт­қа жағымды жа­ңалық таратты.

Достастық жұлдызы

Қазіргі қазақ рухания­ты­ның қабырғалы өкілі, есімі елге әйгілі кино және театр режиссері, Қалибек Қуаныш­баев атындағы академиялық драмтеатрдың көркемдік же­тек­шісі Талғат Теменов Мем­ле­кетаралық «Достастық жұл­­дыз­дары» сыйлығының лау­реа­ты атаныпты.

ТМД елдерінің Гуманитар­лық ынтымақтастық кеңесі тарапынан тағайындалған бұл мәртебелі марапат ғылым жә­не білім, мәдениет пен өнер са­ласында өнімді еңбек етіп, толайым табыстарға қол жет­­кізген айтулы тұлғаларға бе­ріледі.

«Мосфильм», «Қазақфильм» киностудияларында көп­шілік көзайымына айналған көркем фильмдер түсіріп, республика театрларының сахнасында сү­белі спектакльдер қойған саң­лақ режиссеріміздің кезекті қуа­нышқа кенелуі шынымен сүйсінерлік жағдай. Сондықтан осынау оқиғаға орай көрнекті өнер қайраткеріне құтты болсын айта отырып, көрермендерін алдағы уақыттарда да көңіл көншітер көркемдік әлеміне же­телей беруіне тілектестік білдіреміз.