Елорда • 25 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда № 5 қалалық емхана күрделі жөндеуден өтуде

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында №5 қалалық емханаға жөндеу жүргізілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда № 5 қалалық емхана күрделі жөндеуден өтуде

"Осы уақытқа дейін № 5 қалалық емханада жылу мен жарық басы ашық мәселе болып келген еді. Ғимараттың терезелерінен жел гулеп, мекеме пана болмай кететін. Қазір емханаға күрделі жөндеу жүргізіп, барлық терезесін, жылу батареяларын ауыстырдық. Енді электр сымдарын жаңартамыз.

Сондай-ақ, желдету жүйесі жүргізіліп, есіктері ауыстырылады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін емхана ішінен дәріхана да ашылады. Бұл игілікті істің бәрі "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының арқасында жүзеге асып жатыр. Осы бағдарламаға сәйкес 15 мың жұмыс орнын ашылып жатыр. Айта кету керек, бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыз азаматтарды орналастырамыз. Сонымен қатар, биыл 26 білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделіп жатыр", деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.