Коронавирус • 26 Тамыз, 2020

Коронавирусқа қарсы ұнтақ түріндегі вакцина жасалды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары COVID-19-ға қарсы вакцинаның ұнтақ тәрізді түрін әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирусқа қарсы ұнтақ түріндегі вакцина жасалды

Орталықтың баспасөз қызметі еріктілерге шілде-тамыз айларында жасалған тәжірибелерден вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімді екенін мәлімдеді. Орталық директоры Александр Гинцбургтің: "Вакцина 4 күн кептіруді қажет ететін болғандықтан,  ол аздаған мөлшерде шығарылуы мүмкін. Препаратты құрғақ ұнтақ күйінде тасымалдау оңайырақ әрине,  дегенмен, әзірленуіне ұзағырақ уақыт жұмсалады және өзіндік құны да жоғарырақ болады", дегені турасында РБК жазады.

РФ Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша зерттеу жұмыстары Мәскеу қаласындағы бірқатар емдеу орындарында жүргізіліп, 18 жастан асқан 40 мың ерікті тәжірибеге қатысатын көрінеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Гамалеяда  шартты түрде «Гам-Ковид-Вак», ал сауда белгісі "Спутник V" атты вакцина да тәжірибеден өтіп, жақсы нәтиже көрсеткен болатын.