Қоғам • 26 Тамыз, 2020

Қарттарға өтініш толтыруға көмектеседі

736 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде еріктілер қарт адамдарға әлеуметтік көмек алу үшін өтініш толтыруға көмектеседі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы еріктілерінің тұрақты қамқорлығында 150 зейнеткер бар. Алайда карантин кезінде көмекке мұқтаж қарттардың саны артты.

Қарттарға өтініш толтыруға көмектеседі

"Төтенше жағдай кезінде біздің еріктілер барлық зейнеткерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері жеткізіліп, медициналық маскалар тегін таратылды. Көп қарт адамдар дəрі-дəрмек сатып алу үшін үйлерінен шыға алмайды. Оларға дəрі-дəрмектерді табуға жəне сатып алуға көмек көрсетілді. Қаланың 53 нүктесінде зейнетақыларды рəсімдеу кезінде біздің еріктілер кезектерді реттеп, тегін медициналық маскалар мен қол орамалдарын таратумен айналысқан. Себебі зейнеткерлер көп жағдайда зейнетақыларын ескіше əдіспен картада емес, қолма-қол алады", деді "Астана жастары" басшысы Шыңғыс Тілеулин.

"Астана жастары" көмек көрсететін зейнеткерлердің тізімі ардагерлер кеңесінде немесе əкімдіктер жанындағы облыстық əлеуметтік қорғау басқармаларында беріледі. Бүгінгі таңда еріктілер қарт адамдарға əлеуметтік көмек алуға өтініш толтыруға көмектесуде.

"Көптеген зейнеткер физикалық мүмкіндіктеріне байланысты өтініш бере алмайды. Мəселен, Байқоңыр ауданында көмекке мұқтаж зейнеткерлер көп. Біздің еріктілер ұйым ұсынған тізімге сəйкес мекенжайға келіп, зейнеткерлермен бірігіп өтініш толтырады. Осыдан кейін өтініш жұмыспен қамту бөлімімен жұмыс істейтін ұйымдарға беріледі", деді Ш.Тілеулин. "Астана жастары" жастар ресурстық орталы ғының еріктілер бөлімі 2014 жылы ашылған. Қазіргі уақытта мəлі меттер базасында еріктілер мектебінде арнайы дайындықтан өтіп жатқан 2 мың ерікті жұмыс істейді.