Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа саласының мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының ректорларымен «Қазақстан Республикасындағы журналистиканың даму деңгейі» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында кадрларды даярлау саласындағы түйткілді мәселелер, атап айтқанда, «Журналистика» мамандығының студенттері арасында аналитикалық және тәжірибелік дағдыларды дамыту, нарықты телерадио хабарларын тарату саласындағы мамандармен қамтамасыз ету барысы айтылды. Кездесу аталған ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
– Бүгінгі оқиға – ертеңгі тарих десек, ақпаратты тарих бетіне қалдыратын – тілшілер қауымы. Оны біз күнделікті біліп, көріп отырмыз. Бұл ретте журналист маманын даярлау мен жас тілшілердің кәсіби біліктілігіне қатысты айтылатын сын да, мін де бар. Сондықтан осы саладағы кейбір көкейкесті мәселелер бойынша ортақ шешімге келу үшін тиісті меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты – салалық журналистиканы дайындау мен жұмыс істейтін журналистерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталады. Біздің бүгінгі осындай қарым-қатынасымыз ертеңгі БАҚ саласының дамуы мен жетілуіне өз септігін тигізеді деп сенемін, – деді А.Балаева.
ХХІ ғасыр – жоғары технологиялардың дамыған заманы саналады. Алайда оның журналистика саласына тигізер пайдасы мен зияны туралы пікір өте көп. Осы жоғары технологиялардың мүмкіндігін пайдаланып, кәсіби журналистермен қатар, әуесқой азаматтардың да ақпарат тарату саласына араласуы салдарынан инфодемия, яғни жалған мәліметтердің таралуына жол ашылып жатқаны жасырын емес. Осы мәселеге қатысты Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Раиса Өскенбаева ой бөлісті.
– Бұл кездесу жоғары оқу орындары үшін де, жалпы қоғам үшін де аса маңызды. Себебі біз сәт сайын жаңартылып отыратын ғаламдық ақпараттық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз. Журналистер – осы ақпаратты жеткізушілер, қоғамдық пікірді қалыптастырушылар саналады. Сондықтан заманауи цифрлы дәуірде бәсекеге қабілетті журналист мамандарын даярлау – үлкен міндет, – деді Р.Өскенбаева.
Оның айтуынша, аталған білім ордасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде 2009 жылы құрылыпты. Мұндағы мақсат – Қазақстан экономикасының IT саласына қажет кәсіби маман даярлау еді. Алайда IT саласының ауқымы кең екенін ескере отырып, 2010 жылы осы жоғары оқу орнында журналистика саласының мамандарын даярлау бағдарламасы қолға алынды. Яғни студенттер «Бизнес-журналистика, SMM және PR»; «Цифрлы журналистика; «Телерадио журналистика»; «Халықаралық журналистика және интернет қауіпсіздігі» бағдарламалары бойынша білім алады. Әр бағдарлама тиісті мамандыққа негізделген. Әрқайсысының жекелеген мақсаты бар. Сол арқылы әр бағдарламаның талабына жауап беретін білікті маман тәрбиеленеді.
Тәжірибе алмасудың маңыздылығы мен университет қабырғасында шәкірттерге кәсіби журналистердің білім беруін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов та құптады.
– Біріншіден, қазір Қазақстан университеттері автономияға қарай қадам басты. Жаңа заң қабылданды. Өзіндік білім бағдарламаларын жасауға мүмкіндік алды. Осыны пайдаланып, журналист даярлау үдерісіне «авторлық білім бағдарламаларын» енгізуіміз керек. Таяуда Білім және ғылым министрлігі ғылыми дәрежеден гөрі шығармашылық тәжірибені қажет ететін қолданбалы мамандықтардың қатарына журналистиканы да енгізді. Біз осы идеяны қолдаймыз. Журналистика факультетіне тәжірибесі мол журналистер тартылуы керек. Кандидат, ғылым докторы деп іздеудің қажеті жоқ, – деді Е.Сыдықов.
Университет басшысының айтуынша, болашақ журналистің ұстаханасы – аудитория, университеттің іші емес, БАҚ, қайнаған орта, мекеме болуы керек. Мәселен, Қазмедиа орталығында, телеарналар мен радиоларда журналистика кафедраларының филиалын ашу қажет. «Студенттер сол жерде жүруі керек. Бұл қадам ең алдымен осы ақпарат мекемелеріне керек. Сол кезде ғана студенттер журналистік цехты сезініп, ақпарат дайындау үдерісіне толық сіңісе алады», деді білім ордасының ректоры.
Сондай-ақ онлайн-кездесуге қатысып, сөз сөйлегендердің қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басшысы Махметғали Сарыбеков, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дария Қожамжарова, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Әбдірасылов, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов болды. Өзекті мәселені ортаға салған жоғары оқу орындарының басшыларына Аида Балаева шынайы алғысын білдірді.
– Бүгін ең өзекті, көкейкесті мәселелерді ортаға салдық. Өз ұсыныстарыңызды жеткіздіңіздер. Ең бастысы, бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге ниеттеріңізді білдірдіңіздер. Біз оны қуана-қуана қабылдаймыз. Өйткені біздің министрлік тек қана ақпарат саласында ғана емес, жалпы құзыреті өте кең мемлекеттік орган саналады. Соның ішінде жастар саясаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, дін, этносаясат мәселелерінің барлығын қамтып отырған бірден-бір мемлекеттік орган. Сондықтан осы салалардың барлығында өздеріңізбен тығыз қарым-қатынаста болуға және әріптестік орнатуға дайынбыз, – деді ведомство басшысы.
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, журналистика – күрделі мамандық. Сондықтан еліміздегі БАҚ жайлы айтылатын әңгіме де, зерттейтін мәселе де, жетілдіретін тұстар да аз емес. Бұқаралық ақпарат құралдары мықты қоғамның мәдениеті мен талғамы да, рухани деңгейі де, азаматтық белсенділігі де жоғары болады. Бұл ретте жоғары оқу орындарының мамандарды дайындауы білім беру мазмұнымен тікелей байланысты. Жоғары оқу орындарындағы оқудың мазмұндық сапасын жаңғырту, оны уақыт талабына сай жетілдіру мәселесі өте өзекті тақырып. Бұл орайда министрлік оқу материалдарының сапасын қадағалап, қажет болған жағдайда олардың мазмұндық жағын бірге саралап, бірге әзірлеу үшін әріптестік орнатуға қашанда дайын екені айтылды. Бұл қадам министрлік пен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің нақты кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
– Диплом алып шыққан жас журналистерге тағылатын тағы да бір сын – олардың тәжірибелік тұрғыда дайын болмауы. Яғни жоғары оқу орнында берілетін теориялық білімнің тәжірибемен ұштаспауы. Көп жағдайда жас мамандар тәжірибені жұмысқа тұрған соң үйренуге мәжбүр. Бұл орайда студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистика мамандығын игеріп жатқан студенттерді 1-курстан бастап мемлекеттік БАҚ-тарда өндірістік тәжірибеден өткізуге көмектесуге дайын, – деді А.Балаева.
Ведомство басшысы жас мамандарға тағылатын сынды да ескерусіз қалдырған жоқ. Оның алдын алу үшін министрлік арнайы жоба да әзірлепті.
– Жоғары оқу орындарындағы жас мамандарды нақты сала бойынша даярлау, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, экономика, қаржы, медицина, экология салалары және басқа да бағыттар бойынша үйрету ісіне көп сын айтылады. Бұл орайда министрлік медиа саласының мамандарын дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша арнайы жоба әзірлеп отыр. Сонымен қатар білім беру жүйесінің деңгейі мен тиімділігін арттыру үшін жыл сайын студенттер арасында «Үміт» шығармашылық байқауын өткізу жоспарланып отыр, – деді министр.
Оның айтуынша, медиа сауаттылық мәселесі де бүгінгі күннің көкейкесті тақырыбына айналды. Себебі бүгінгі интернет заманында түрлі әлеуметтік желілер көптеген жалған ақпараттың, зерттелмеген тақырыптың таралуына себеп болып жатады.
– Осы орайда еліміздегі жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінде «медиа және ақпараттық сауаттылық» пәнін енгізуді ұсынамын. Баспасөз қоғамның айнасы болса, журналист сол қоғамға ақпаратты жеткізетін тұлға. Сондықтан қоғамның мәдениетін көтеріп, талғамын қалыптастыру, сауатын арттыру тілшілер қауымына артылатын сенім мен міндет десек, артық айтқаным емес. Осы орайда біз бір келісімге келіп, оң нәтижелерге қол жеткізуге, бірге қызмет етуге алдағы уақытта да дайынбыз. Сіздер айтқан ұсыныстарды зерделеп, сол бағытта да жұмыс істеуге әзірміз, – деді А.Балаева.
Руханият • Бүгін, 23:20
«Шарын» мен «Алтын-Емел»: ұлттық парктерінің жер телімдері пайдаланылады
Экология • Бүгін, 23:11
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Аймақтар • Бүгін, 22:55
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Бүгін, 22:25
Елорданың паралимпиадалық орталығы айына қанша адам қабылдайды?
Қоғам • Бүгін, 22:00
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Бүгін, 21:53
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Бүгін, 21:15
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Бүгін, 21:00
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Бүгін, 20:40
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:35
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Бүгін, 19:59
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:45
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 18:42
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Бүгін, 18:35
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Бүгін, 18:22
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Президент • Бүгін, 18:07
Ақтауда «ИК» тобының кешін ұйымдастырған қонақүй иесіне айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 18:04
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Бүгін, 17:16
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді
Үкімет • Бүгін, 17:06
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 17:02
Атыраулық полицей пәтерге балкон арқылы кіріп, 7 жастағы қызды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтыруда
• Бүгін, 16:36
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Бүгін, 16:10
Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Бүгін, 15:59
Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады
Саясат • Бүгін, 15:58
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:35
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 15:34
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Бүгін, 15:25
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:23
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды
Әлем • Бүгін, 15:04
Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты кітап фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 14:48
Азия чемпионаты: Валентина Исламова мен Елмира Сыздықова финалға шықты
Күрес • Бүгін, 14:23
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті ашылды
Медицина • Бүгін, 13:31
Грузияда локдаунның орнына мемлекеттік демалыс жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:50
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Бүгін, 12:47
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Бүгін, 12:25
Руханият • Бүгін, 12:10
Нысана көздеуден халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:57
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Бүгін, 11:50
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Президенттің сынынан кейін министрлікте жол сапасы талқыланды
Қоғам • Бүгін, 11:37
Баландин мен Мусин Ақтөбедегі лицензиялық ел біріншілігінде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:29
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Бағдарламалар • Бүгін, 11:18
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Балқашта жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Сот шешімін орындамаған азамат қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
505 мыңнан астам қазақстандық вакцина салдырды
Қазақстан • Бүгін, 11:05
Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?
Спорт • Бүгін, 10:56
Сенаторлар ЕАЭО-ның тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылдады
Парламент • Бүгін, 10:43
Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл аймаққа» өтті
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
Экология • Бүгін, 10:27
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Видео • Бүгін, 10:17
Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі
Қазақстан • Бүгін, 09:48
Өткен тәулікте тағы 2641 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:36
2002 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Ұқсас жаңалықтар