Кино • 28 Тамыз, 2020

Авто-кинотеатр ашылды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясы кино саласына едәуір соққы жа­сағаны анық. Елімізден бөлек, әлем бойынша қаншама кино­театрлар қаңырап, өз көрермендерін әлі де сарыла күтуде.

Авто-кинотеатр ашылды

Не істемек керек? Елорда­лықтар бұл мәселені ашық аспан астындағы кинотеатрмен шешуге талпынады. Бұдан былай астыңызда көлігіңіз болса, жаңа фильмдерді далада тамашалауға болады. Алайда авто-кинотеатр аумағына ке­лу­­шілер барлық санитарлық нор­маны қатаң ұстануы тиіс.

Нұр-Сұлтан қаласында көп­шіліктің көңілінен шық­қан ашық аспан астындағы кинотеатр жобасы кө­рермен­дермен осылай қайта қауы­шуда. Жуыр­да даладағы авто-ки­ноте­атр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival қайта жанданып, қала тұрғын­дары мен қонақтары кинотеатр­дан шетелдік немесе отандық кино картиналарды тегін тамашалай бастады.

Ұйымдастырушылар эпи­демиологиялық жағдайды ес­керіп, адам қатынасынсыз тіс­кебасарлар мен салқын шы­рындар жеткізуді де ойлас­тырғанын айта кеткен жөн.

«Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы, әлеуметтік арақашықтықты ұс­­танғаны жөн», дейді ұйым­дастырушылар.

Аталған нысан «Astana Arena» стадионының Қа­бан­бай батыр даңғылына қа­райтын көлік тұрағында орна­ласқан.