Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

Көкшетауда ер адам аурухана терезесінен секіріп кетті

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қалалық ауруханасының 56 жастағы емделушісі үшінші қабаттың терезесінен секіріп, жарақат салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетауда ер адам аурухана терезесінен секіріп кетті

"26 тамыз күні Көкшетау қаласының 56 жастағы тұрғыны қалалық ауруханадағы Гастроэнтерология бөлімшесі орналасқан 3-ші қабаттың терезесінен секірген. Ер адам ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды", дейді аймақтық полиция өкілі.

Ведомствода хабарлағандай, аталған факті бойынша Көкшетау қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі "Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.