Қоғам • 28 Тамыз, 2020

Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды

2199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Бектас Бекназаров 1956 жылы 12 қыркүйекте туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымының кандидаты. Кандидаттық диссертациясын 2004 жылы Ресей Федерациясында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде қорғаған.

1978-1983 жылдары - Жамбыл қаласы Орталық аудандық сотында сот орындаушы,  Жамбыл облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің консультанты, аға консультанты.

1984-1990 жылдары - Жамбыл облысы Жуалы аудандық халық сотының судьясы.

1990-1996 жылдары -  Жамбыл облыстық сотының мүшесі, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

1997 жылы - Жезқазған облыстық сотының төрағасы.

1997 – 1999 жылдары - Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот  алқасының төрағасы.

2000 жылы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры.

2000 – 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

2002 – 2006 жылдары - Атырау облыстық сотының төрағасы.

2006 – 2009 жылдары - Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы.

2009-2011 жылдары - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

2011- 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы.

2013 – 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

2014 жылы 11 тамыздан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.

2016 жылғы 16 қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.

III дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. «Құрметті Судья», «Қазақстан Республикасының құрметті заңгері» атағы берілген. «Үш Би» белгісінің иегері. Халықаралық  заңгерлер одағы төрағасының орынбасары.