Зерттеу нәтижелері бойынша қала құрылысы кодексі жобасының тұжырымдамасын әзірлеудің орындылығы туралы ұсыныстар берілді
Бұл ретте, қала құрылысы кодексін әзірлеу шеңберінде мемлекеттік органдардың функциялары түбегейлі қайта қаралуға, заңнаманың тұрақтылығы мен сала субъектілері тарапынан оған деген сенім арттырылуға тиіс.
Сондықтан бұл мәселе мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарының мамандарын тарта отырып, неғұрлым мұқият зерделеуді, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуына қаржылық талдау жүргізуді талап етеді.
Естеріңізге сала кетейік, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік реттеудің қолданыстағы тетіктері мен әдістерінің қайшылықтарын, кемшіліктерін жою қажеттілігі мақсатында 2016 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мемлекеттік органдарға "Атамекен" ҚР ҰКП-мен бірлесіп қала құрылысы кодексін әзірлеудің орындылығы туралы мәселені пысықтау тапсырылды.