Елбасы • 28 Тамыз, 2020

Елбасы: Праймеризге қатысушылар жергілікті жерлердің күрмеуі қиын мәселелерін ашық көтеріп, нақты шешімдер ұсынуы тиіс

367 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасының төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елбасы: Праймеризге қатысушылар жергілікті жерлердің күрмеуі қиын мәселелерін ашық көтеріп, нақты шешімдер ұсынуы тиіс

Отырыста Бюро мүшелері "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні" атты партия жұмысын "қайта жандандыру" бағдарламасының жүзеге асырылуын және партияішілік сайлау өткізуді талқылады. Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы қазіргі уақытта қоғам тарапынан праймериздерге үлкен қызығушылық байқалып отырғанын атап өтті.

– Адамдар елдің қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысқысы келеді. Біз партияны қайта жүктеудің дұрыс векторын таңдадық. Ел проблемаларын бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз ету маңызды. Праймериздің міндеті – халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру. Бәсекелестік негізде жоғары қоғамдық қолдауы бар, нақты жағдайды білетін беделді көшбасшыларды, белсенді адамдарды таңдау керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Nur Otan партиясының төрағасы праймеризге қатысушылар жергілікті жерлердегі күрмеуі қиын мәселелерді ашық көтеріп, кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы тиіс екенін атап өтті.

– Біз өз өңірін және елін дамытуға іс жүзінде атсалысуға дайын барлық адамдарға арнап "әлеуметтік лифт" құрдық. Қыркүйек айында жергілікті бағдарламалардың барлық 216 жобасы жарияланатын болады. Кеңінен талқылау электоралдық міндеттерімізді халықтың сұраныстары мен мұқтаждықтарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бес жылдық мерзімге арналған бағдарламалар халықтың пікірін ескере отырып қайта пысықталады, әр аудан, қала және облыстың бюджеттік мүмкіндіктерімен үйлестіріледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы партияішілік іріктеу кезеңдерін жүзеге асыру бойынша сапалы ұйымдастырылған жұмыспен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

– Праймеризді адал, ашық түрде және барлық қатысушыларға тең ережелермен ұйымдастыру керек. Партияішілік үгіт-насихат қыркүйекте басталады. Елдегі коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты оны Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сай өткізу қажет. Барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы керек. Халық денсаулығы басты назарда болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Партия Төрағасы сөзінің соңында елдің әрі қарай дамуы мен қоғам бірлігін нығайтуда Nur Otan партиясының орны ерекше екенін атап өтті.

"Партия қазақстандықтарды, қоғамның барлық сындарлы және салауатты күштерін біріктіруі тиіс. Біз бірлігімізді сақтай отырып қана кез келген қиындыққа төтеп бере аламыз. Елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін жасалып жатқан үйлесімді жұмыс аса маңызды", деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев партияішілік іріктеу кезеңдерін жүзеге асыру бойынша сапалы ұйымдастырылған жұмыспен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ мәжіліс барысында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек пен Бюро мүшесі, Қазақстанның Премьер-Министрі А.Мамин баяндама жасады.