"Ұлы дала тарихы және мәдениеті" халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның ғылыми-зерттеу Институттары мен Орталықтары 2018-2020 жылдарда ұлттық тарихты тұтастай көруді қалыптастыру, тарихи жадыны, сабақтастылықты сақтау және ұқсастылықты қалыптастыру мақсатында "Ұлы дала тарихы және мәдениеті" пәнаралық ғылыми бағдарламасын жасаған болатын. Тарих пен мәдениеттің өзекті мәселелеріне қатысты жаңа теориялық-методологиялық тәсілдер мен тұжырымдарға қатысты үш жылғы зерттеулер нәтижесін ғалымдар онлайн режімде өткен конференция барысында ортаға салды.
Конференцияда Ұлы даланың этногенезі және этникалық тарихы;
Қазақ мемлекеттілігінің тарихы;
Қазақстан тарихындағы ұқсастылық пен жаңғыру мәселелері талқыланып, ғалымдар өз ойларын ортаға салды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты Бағдарламалық мақаласы мен 2018-2020 жж. арналған ҚР БҒМ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы контексінде тоғыз ғылыми-зерттеу институты мен орталығы: ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы;
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты;
ҚР БҒМ ҒК Ә. Марғұлан атындағы Археология институты;
Жалпы генетика және цитология институты жанындағы Популяциялық генетика зертханасы;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Халықаралық "Геоархеология" ғылыми-зерттеу зертханасы;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы "Дүниежүзі тарихын зерттеу" Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы "Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу" Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы;
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы "Айтылған тарих" Ғылыми-зерттеу орталығы;
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті РМК жанындағы Республикалық Физикалық антропология зертханасы "Ұлы Дала тарихы және мәдениеті" пәнаралық ғылыми Бағдарламасын іске асыруда.
Бағдарлама алғаш рет пәнаралық дәрежеде жүзеге асуда және Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту туралы идеясын жүзеге асыратын қоғамдық-гуманитарлық саладағы нақты нәтиже болып табылады.
"Ұлы Дала тарихы және мәдениеті" бағдарламасы негізгі төрт бағытта орындалуда: этногенез және этникалық тарих;
қазақ мемлекеттілігінің тарихы;
Қазақстан тарихындағы ұқсастылық пен жаңғыру;
ұдайы әрекеттегі онлайн-платформа жасау.
Бағдарлама нәтижелері білім, ғылым және мәдениет салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу, сәйкес министрліктер мен ведомстволардың практикалық сұратуларын орындау бойынша ұзақ мерзімді ұсынымдарды қалыптастыруға жәрдемдесетін Қазақстандағы білімді дамытуға ендіру үшін қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, жаңадан айқындалған тарихи архив материалдары жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептер, оқулықтар мен оқу құралдарына арналған бағдарламаларды құрастыру кезінде пайдаланылады.
Ұлттық тарихты тарихи жад, сабақтастылық, Қазақстан халқының ұқсастылығын қалыптастыру түріндегі зерттеулер қазақ мемлекеттілігінің тарихын қалпына келтіріп, Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын тұтастай көруді қалыптастыруға себепші болады. Тұтастылық пен жүйелілік барынша толық белгіленеді, өйткені, біздің тарих – көнетүркі мемлекеттері мен қазіргі Қазақстан тарихы – бір тізбектің буындары екендігін білдіреді. Демек, ең көне мемлекеттер тарихының қазіргі тарих тәрізді маңызы бар.
Дүниежүзілік жүйедегі Қазақстан Республикасының рөлі мен алатын орнын зерделеудің кешенді сипаты мен пәнаралық тәсілінің Шығыс пен Батыс өркениеттерін зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жобаны орындаушылар мемлекеттілік, көшпелілертану, халықаралық қатынастарды зерделеуде түбегейлі жаңа тәсілдерін әзірлеп, тарихи процестерге қайта ойлап қарауда.
Зерттеулердің түпкі нәтижесі іргелі жинақтаушы еңбектер мен монографиялар, Мемлекет Басшысына Баяндама түріндегі нәтижелік кешенді есеп, шетел және қазақстандық ғылыми журналдардағы жарияланым түрінде ұсынылады.
2019 жылы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы мен Алматы қаласы Әкімдігімен бірлесе отырып, шетел сарапшылары қатысқан, "Ұлттық тарихтың кеңістігі мен уақыты" атты ғылыми семинар өткізді. Семинар жұмысына "Ұлы дала тарихы мен мәдениеті" бағдарламасын орындаушылары, ҚР академиялық және білім мекемелерінің өкілдері, шетел сарапшылары (проф. Анна-Мари Вилемено, д-р Татьяна Сирбу, Лувэн Университеті, Бельгия) қатысты.
2019 жылы Орталық Азияны зерделейтін Еуропалық қоғамдастықтың (ESCAS) 16th Biennial Conference "The Globality of Central Asia" халықаралық конференциясында ғылыми бағдарлама ұсынылып, онда жаңа ғылыми бағдарламасын ұсынатын "Жаһандық тарих контексіндегі Ұлы Дала" атты арнайы панелін өткізді.
Өткен жылы бағдарлама аясында Бельгия, Жапония, Ресей сарапшылары Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарына халықаралық ғылыми экспедициясына қатысты. Экспедиция барысында, ғалымдар Ақбауыр және Берел қорғандары мегалиттік кешені (Шығыс Қазақстан облысы) аумағында, Ақкелін тарихи-мемориалдық кешені және М.Ж. Көпеевтің кесенесінде (Павлодар облысы) түздік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, сарапшылар тарихи ескерткіштерді ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізу ұсынысын жасаған дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұл іс-шаралар қазақстандық ғылымның имиджі мен оның бәсекеге жарамдылығын арттыруға себепші болады.
"Ұлы Дала тарихы және мәдениеті" атты қорытынды халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына шетелдік және қазақстандық ғалымдар қатысты. Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Сирия, Үндістан, Қытай, Жапония, Израиль, Германия, Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-тың 80-нен астам ғалымы онлайн-баяндама жасады.

Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады
Кино • Бүгін, 12:38
Жануарларға жәбір көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Экология • Бүгін, 12:33
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
• Бүгін, 12:18
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Саясат • Бүгін, 12:15
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 10:20
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Өнер • Бүгін, 09:14
Кәсіпқой бокс: IBF-тің рейтингі жарияланды
Спорт • Бүгін, 09:11
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Сұхбат • Бүгін, 07:13
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды
Спорт • Кеше
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Кеше
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Кеше
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Кеше
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Кеше
Теннис • Кеше
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Әлем • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар