Парламент • 30 Тамыз, 2020

Мәжіліс Төрағасы: Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды!

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжіліс Төрағасы: Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды!

Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялаған құттықтауында: "Сіздерді еліміздің мәртебелі мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев іргесін қалаған Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды!", деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы өз құттықтауында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Конституцияда белгіленген қағидаттарының арқасында Қазақстан бүгінде заманның сын-қатерлеріне жауап беріп, Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес дамып келе жатқанына тоқталды.

Бұдан бөлек, Нұрлан Нығматулин 1995 жылы қабылданған Конституцияның арқасында кәсіби Парламент құрылғанын айтып, Конституцияда бекітілген қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және патриотизм – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың кепіліне айналғанына назар аударды. Мәжіліс Төрағасы Тәуелсіздіктің тұғырына айналған Ата Заң әрбір қазақстандық үшін қымбат екенін алға тарта келіп, барша халқымызға амандық, елімізге құт-береке тіледі.