Спорт • 30 Тамыз, 2020

FIVB жағажай волейболынан төрт ірі жарысты кейінге шегерді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

FIVB жағажай волейболынан төрт ірі жарысты кейінге шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz

FIVB жағажай волейболынан төрт ірі жарысты кейінге шегерді

Халықаралық волейбол федерациясы жағажай волейболынан төрт ірі турнирдің өту уақытын өзгертті.

Биыл Тайландта өтуі тиіс 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды. Турнир 24-28 наурызға жоспарланған. Сондай-ақ, Әлемдік турнир аясындағы төрт бәсеке кейінге қалды. Олардың қатарында Қытайда өтуі тиіс төрт жұлдызды турнир де бар. FIVB 16 наурыздан бері халықаралық жарыстарды кейінге шегерді. Спорттық ұйым коронавирус індетіне байланысты турнирлерді өткізуден бас тартып отыр.