Сармантайдың Ахметжаны
Үштіктің үрейлі шешімі қысқа ғана оқылды да бір жендеттің сұқ саусағы шүріппеге шүйліге жайғасты. Екінші жендет қу тақтайдың шанағын қойтасқа ызалана ұрды.
Бұйрық орындалды.
Қағаз толтырылды.
Бұл қылықтарын өздері де байқамауы мүмкін, алайда сол сәтте екі жендет бір-бірінің көздеріне тік қарай алмаған еді. Қарамады. Тіпті қарауға қорқатын да еді.
Жансыз мүрде көк шалғынға етпеттей құлап келе жатты.

Ұлт үшін оққа ұшып, итжеккенге айдалып, тәндері қараңғы қапастарда шіріген есіл ерлердің азабын арқалап, солардың тартқан мехнатын екі шек тоғыз пернеге ақтарған ұлы дәулескер күйші құлап келе жатты.
Шортандының аққу-қазы дүрліге аспанға көтерілді. Дүниенің бетін көк мылтықтың ұңғысынан ұшқан жасыл түтін жапты.
Жұрт шалқар Шортандыны содан бері Қандыкөл атады. Қарт Қарқаралының шығыс қақпасында шалқып жатқан үлкен айдын содан бері әлгі екі жендеттің көздеріндей сұп-суық шымырлайды...
Алаштың мыңдаған жылдар бойғы қайғы-қасіретін, ар-ожданын, қуаныш-салтанатын қу шанақта сөйлеткен даңғайыр домбырашының жансыз денесі қара жерге құлап келе жатты.
Жазықсыз, кінәсіз, ешкімнің ала жібін аттамаған, қазақтың құдіретті өнерін ғана насихаттағаны үшін айыпты болған күй пірі қанды қасаптың қылышына құлап келе жатты...
* * *
Ертеңіне Үлкен көлдің бетін аппақ кебін жауып кетіпті. Мойындарына тас байлап батырған алашорда арыстарының, атақты Дияқажы, Қаппас ақын, ағайынды көпес Рязанцевтердің, атақты ақ генерал Лавр Корниловтың туысқандарының, елге шарапаты тиген бай-шонжарлардың, ғалым-қайраткерлердің ақ жейделері су бетіне қалқып шықса керек.
Солардың ішінде «58-ші статья» күйі үшін күдікті болып, халық жауы деген жазамен оққа ұшқан Сармантайдың күйші Ахметжаны да бар. Қара жерге алпамсадай құлап келе жатқан сол Ахметжанның асқақ тұлғасы еді.
Дала сазының дауылпаз еңсесі, қазақ күйінің шежірешісі, ұлт жадының жалп етіп сөнген бір шырағы. Арқадағы «Уық көтерілісі» атанған қыр қазақтарының қарсылығына қолбасшы болған азат ой иесі.
Өзге күйлері бір төбе, «58-ші статья» күйі бір төбе дегдар.
«58-ші статья» күйі – айыптау актісі.
Қанды қырғында жазықсыз шаһид кешкен Алаш рухын жоқтау күйі.
Сайын қыр Сарыарқаның сарыжайлау сахарасы Сармантайдың Ахметжаны шерткен сол күймен бірге толқып кетті.
Елдің ішін «58-дің» елесі кезіп бара жатты.
Әлімхан Ермекұлы
Алашорданың соңғы тұяғы Әлімхан Ермекұлының соңынан «елу сегіздің елесі» өмір бойы еріпті де отырыпты. Қазақтың елі мен жері үшін жағасы жау қолында кеткен есіл боздақтардың ауыр да қымбат аманатын арқалаған соңғы арыстың соңына түскен елестің үрейі, дауысы, ызғары шын мәнінде жан түршігерлік еді. Ол елес және ұлтшылдығы үшін қуғын-сүргіннен көз ашпаған қайраткерді ақталғаннан кейін барып аңди бастаған.
Сталиндік мұздай лагерьлерде жазықсыз жапа шегіп, «58-ші статьямен» сотты болған Әлімхан кейін Қарағандыдағы политехникалық университетте дәріс оқығаны белгілі. Әйтсе де Кеңес билігі Әлекеңді қысқа арқан, тар тұсаудан босатпағанын байқаймыз. Олай дейтін себебіміз, алаштануға айрықша үлес қосып жүрген азамат Нұрлан Дулатбековтің айтуынша, пәтер бөлу барысында Әлімханға қысастық астыртын жасалған.
«Әлекеңе Ленин көшесінен үй беріледі. Үй беретін шаруашылық басшылары қысастық қылып, пәтерді 58-үйден береді. Пәтер бірінші қабатта орналасқандықтан, 4-нөмірлі болуы керек екен. Бірақ оны өшіртіп тастап, «8-пәтер» деп жазғызады. Оның себебі – Әлімхан Ермеков Ленин көшесінде тұрсын, 58-баптың 8-тармағымен сотталғанын мәңгі есінде сақтасын дегені», дейді Н.Орынбасарұлы. Әлгі адрес әлі сақталған. Қарағанды қаласының Ленин көшесіндегі 58-үй әлі бар. Бірінші қабаттағы 8-пәтер де өзгертілмеген.
Оны кейін журналист Нұрлыхан Қалқаманұлы індете зерттепті. Сол үйде қазір тұрып жатқан жандармен сұхбаттасқан. Бірінші пәтердің иесі Әлекеңнің көзін көргенін айтып берген.
«Кеңес билігі Әлімханды қалай да 8-пәтерге орналастыруды көздейді. Бірақ кіріп қойған пәтерінен күштеп шығарудың реті келмеген соң пәтерлерді нөмірлеуде қулыққа барған. Яғни бірінші, екінші, үшінші және төртінші нөмірлер үйдің екінші қабатындағы пәтерлерге берілген де, қалған төрт нөмір (5, 6, 7, 8) бірінші қабаттағыларға берілген. Осылайша Әлімхан Ермеков 58-үйдегі 8-пәтер тұрғыны болып шыға келді. Бұл – әдейі жасалған қысастық. Ол дәл осы бап бойынша сотталып, түрмеде отырып келді ғой. Соны мәңгі жадында ұстасын дегендері болар», депті 1-пәтердің иесі Бақытжан Мұхаммеджанқызы.
Өкінішке қарай журналист сегізінші пәтердің иелерімен жолыға алмаған.
Ол үйде кім тұрса да бір салқындықты сезер еді.
Ол үйге сіз кірсеңіз де Алашқа терісінен соққан қара суыққа ұрынғандай денеңіз мұздап кетер еді.
Сай-сүйегіңізді сырқырата үскірген сары аязға жаныңыз домбығар еді.
Елу сегізінші үйдің қабырғаларындағы үрей – жалпы адамзаттың үрейі. Жазықсыз өлтірілген қыршын ғұмырлар мен кінәсіз төгілген көз жастарының үйі.
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Өнер • Бүгін, 20:31
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар