Коронавирус • 31 Тамыз, 2020

Чехияда эпидемиялық жағдай қайта ушықты

777 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияда коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Осыған байланысты елде 1 қыркүйектен бастап тұрғындарға медициналық маска тағу міндеттелді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Чехияда эпидемиялық жағдай қайта ушықты

Чехияда 1 қыркүйектен бастап тұрғындарға медициналық маска тағу міндеттелді. Бұл талап әсіресе, қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарда қатаң қадағаланады. Билік басындағылар қауіпсіздікке қатысты қосымша шараларды әзірлеуге кірісті.

Бұған дейін Еуропа елдерінің ішінде дәл осы Чехия ең алғаш болып коронавирусты толық жеңгенін мәлімдеген еді. Саяхатшыларға шекараны ашып, бұқаралық фестивальдар ұйымдастыра бастаған болатын. Алайда араға бір айдай уақыт салып жағдай қайта ушыға түсті. Вирус жұқтырғандар қатары күн санап артып, қазір вирус жұқтырғандардың жалпы саны 20 мыңнан асты. Яғни тәулігіне орташа есеппен 150 адам аурухана жатқызылуда. Ал маусым айында бұл көрсеткіш 90 адамнан аспаған еді.


Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.