Аймақтар • 31 Тамыз, 2020

Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы жаңа үйлердің сапасын тексерді

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты,  - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы жаңа үйлердің сапасын тексерді

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, талап - тілегін тыңдады. Әрбір үйдің құрылыс сапасын жіті тексеріп, тасқын судан зардап шеккен Өргебас және Фирдауси елді мекендерінің қалпына келтіру жұмыстарын бақылады.

Су басқан ауылдардың тұрғындары бүгінде құрылыс жұмыстарына қарастырылған кезекті транш қаржыларын алған. Аймақ басшысымен кездескен ауыл азаматтары сауалдарына тұшымды жауап алып, алғыстарын білдірді.

Өмірзақ Естайұлы Мырзакенттегі жаңа мөлтек ауданды аралап, бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерде болды. Жаңа ауданында салынып жатқан 200 баспананың құрылысы толық аяқталған. Сонымен қатар Фирдауси елді мекенінде 53 үй, Өргебас ауылында 39 үй пайдалануға беруге толығымен дайын. Құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүруде.