Қоғам • 31 Тамыз, 2020

Мәулен Әшімбаев: Қазақ ертеден заңның үстемдігін мойындаған халық

1212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев QAZAQSTAN телеарнасына берген сұхбатында қазақ ертеден заңның үстемдігін мойындаған халық екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Қазақ ертеден заңның үстемдігін мойындаған халық

Ұлттық арнаға берген сұхбатында Мәулен Әшімбаев ұлттық мүддеге сәйкес саясатты жүргізу үшін Конституция керекті барлық құқықтық негізді қалыптастырғанын айтты. Сонымен қатар қазақ ертеден заңның үстемдігін мойындаған халық деген пікірін білдірді.

"Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның "Жеті жарғысы" ұлы далада заңның үстемдігі болғанын көрсетеді. Сондықтан біздің Конституциямыз ұлттық ерекшеліктеріміздің негізінде біздің ұлттық менталитетімізді ескеріп, ұлттық құндылықтарымыздың негізінде жасалған құжат", - деді ол.

Мәулен Әшімбаев Конституцияға енгізілген өзгерістер туралы да айтты. Спикер қабылданған өзгерістерге сәйкес Президенттің кейбір өкілеттіліктері Үкіметке және Парламентке берілгенін, Парламент тарапынан Үкімет жұмысын бақылап отыру тетіктер қарастырылғанын жеткізді.

Телеарнаға берген сұхбатында Мәулен Әшімбаев "Осы өзгерістердің аясында соңғы бір жылдың ішінде депутаттардың өз бастамасымен заң дайындау процесінің күшейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Осыдан бірнеше жылдар бұрын Мәжіліс не Сенат депутаттары жылына бірнеше заңға ғана бастамашы болатын. Қазір біраз заңдар депутаттардың бастамашылдығымен жүріп жатыр. Депутаттар көп өзекті мәселелерді көтеріп, өздері заңдар дайындауда. Бұл үрдіс ретінде қалыптасып келе жатыр. Депутаттар өздерінің заң шығарушылық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда", - деді.