Технология • 01 Қыркүйек, 2020

IT сенімді өнімдер тізіліміне енгізілді

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

IT сенімі өнімдер тізіліміне киберқауіптерден қорғауға, ұйымдардың қызме­тін автоматтандыруға, электронды құжаттармен жұмыс істеуге, білім беру процесін басқаруға, ақпаратты қорғауға арналған және т.б. бағдарламалық шешімдер енгізілді.

IT сенімді өнімдер тізіліміне енгізілді

Электрондық өнеркәсіп пен бағдар­ламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне бүгінде 39 отандық өнім енгізілген болса, 12 өндірушінің 18 өнімін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аталған тізілімге осы жылдың басынан бері енгізген.

«Тізілім Қазақстанның АКТ нары­ғын­дағы отандық ІТ-өнімдердің үлесін арттыруды және АҚ талаптарына сәйкес келетін бағдарламаларды қолдану арқы­лы мемлекеттік органдардың ақпарат­тық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көз­дейді», дейді Цифрлық даму, иннова­ция­лар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі, минис­трдің міндетін атқарушы Бағдат Мусин.

Өз өнімін аталған тізілімге енгізген өндірушілер мемлекеттік сатып алуға біліктілікті алдын ала іріктеу тәсілімен қатысу құқығына ие болады. Тізілім мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ бұл бастаманы квазимемлекеттік секторда қолдануды пысықтау жоспарда бар.

2019 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тізілімге енгізілген электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамта­масыз ету өнімдері басымдыққа ие тәр­тіп­пен сатып алынатынын айтып өткен жөн.

Компанияларға өз өнімдерін тізі­лімге енгізу үшін ең алдымен минис­трлікке «Элек­трондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне» енгізу туралы өтінім беруі және 2018 жылғы 28 наурызда бекітілген тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес тиісті құжат­тарды қоса жолдауы керек.