"Егер азаматтардың әл-ауқатын шынымен жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді тартқан жөн. Мысалы, қоғамдық пікірге жасалған сауалнамалар ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл қадамға жан-жақты ойланып, мұндай жүйе қалай жасалатынын білуіміз керек. Бірақ келесі жылы бірқатар ауылдың округ әкімдерінің мерізімі аяқталады. Келесі жылдан бастап, ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өтукізуге болады деп санаймын. Жергілікті билік сайланбалы болуымен қатар, басқару деңгейлері арасындағы құзыретті бөлуін айқындап алуымыз керек. Аймақтарға бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажетттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру мен имиджге жұмсалатын шығындар азаматтардың наразылығын тудырады. Бұл орынды. Сондықтан инфрақұрылымдыққа қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жасалуы керек", деді Президент.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала мұзға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10