Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жария етті.
"Бүгін сауда орталығы құрылысының екінші кезеңі бойынша салынып жатқан нысандардықарап шықтым. Термопарк - Қазақстанда баламасы жоқ бірегей нысан.
Біздің облыс Қазақстан туристік картасының ТОП-50 нысанына кіргенін ескерсек, термопарк ашу Қостанай облысының туристік тартымдылығын арттырады және сол арқылы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бүгінде "Kostanay Plaza" сауда-сауық орталығы 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал термопарк пайдалануға берілген соң, жұмыс орындарының саны 1100-ге дейін артады.
Сауда-ойын-сауық орталығы мен кәсіпкерлік субъектілерінің басшылығы Қостанай облысының санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз еткенін атап өткен жөн.
Өңірдің туристік тартымдылығын жақсарту бойынша жүріп жатқан жұмыстар әлі де жалғасатын болады", - деп жазды А.Мұхамбетов.
Қостанай облысы