Экономика • 02 Қыркүйек, 2020

Литва компаниялары Қазақстанда "жасыл" технологияларды дамытуға қызығушылық білдірді

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Литвадағы Елшілігі "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" мен Литва Кәсіпкерлікті қолдау агенттігі (LVPA) арасында бейнеконференция форматында келіссөздер ұйымдастырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Литва компаниялары Қазақстанда "жасыл" технологияларды дамытуға қызығушылық білдірді

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды дамытудың негізгі бағыттары мен құқықтық нормаларын ұсынды, біздің елде баламалы энергияны дамытудың міндеттері мен мақсаттарын айқындады.

Өз кезегінде Литва тарапы еліміздегі "жасыл" технологиялардың даму ауқымы туралы оң пікірлер білдіре отырып, Қазақстанда және біздің мемлекетіміз арқылы бүкіл Орталық Азияда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға литвалық технологиялар мен компаниялардың қатысуына қызығушылық білдірді.

Келіссөздердің нәтижесінде осы салада тәжірибе алмасу арқылы Қазақстанға еуропалық озық технологияларды тарту мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеу туралы келісімге қол жеткізілді.