Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020

Алматыда қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылуда

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылып жатқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылуда

"Карантиндік шектеулер алынғаннан кейін Жетісу ауданының оқушыларын Айнабұлақ-4 ықшамауданындағы жаңартылған №24 кітапхана күтеді. Қалалық бюджет есебінен жүргізілген күрделі жөндеуден кейін бұл жер тек кітап қоймасы ғана емес, заманауи даму орталығы іспеттес. Мұндағы кітап қоры шамамен 14 мыңға жетеді. Бүгінде қалада қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылуда", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.