Агенттіктің хабарлауына қарағанда жаңа тізімге Балқан түбегінің батысын жайлаған бірқатар мемлекеттер кірмей қалған көрінеді. Аталған тізімнен Босния мен Герцеговинаны таппаған БАҚ тізім ЕО деңгейінде міндетті түрде орындалуы қажет деген құжат санатынан деп саналмағанымен, оны мүше-мемлекеттер орындап, аясынан шықпайды деп есептейді. Алайда құжатта кейбір елдердің өздері шешім қабылдап, қай елдің азаматын вирусқа қарсы тест көрсетіліміне қарай кіргізуімізге болады деген ұйғарым шығаруға ерікті екенін атап өтіпті.
Сонымен ЕО рұқсат беріп, даңғыл жол ашқан мемлекеттер қатарына Австралия, Канада, Грузия, Жапония, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис, Уругвай және Кытай енген көрінеді.
Ақпаратта Бейжіңнің де ЕО елдері азаматтары үшін шекарасын ашамыз деп уәде бергені де жазылған екен. Ал шекаралар ашылуының басты көрсеткіші–қай мемлекетте де КВИ-ді мейлінше аз жұқтырудың тіркелуі делінген.