Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Лисаков қаласында өрт шалған пәтер ішінен әйел адамның мәйіті табылды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 15:00 шамасында Лисаков қаласының 1-шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен денесінде күйік белгілері бар әйел адамның мәйіті табылды. Полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері тиісті сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр.    

Лисаков қаласында өрт шалған пәтер ішінен әйел адамның мәйіті табылды

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, биыл Қостанай облысында 8 ай ішінде 634 өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалыннан келген материалдық зиян мөлшері – 28 млн теңгенің үстінде. Облыста 19 адам өрттен қаза тауып, 9 адам зардап шеккен.

 

 Қостанай облысы