Мәжілістің VI сессиясының алғашқы отырысы өтті. Онда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның жыл соңына дейін Мемлекет басшысының Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге байланысты қандай заң жобаларын қарайтынын айтып берді.

Н.Нығматулин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті сессияны ашып, Парламент қабырғасында халыққа арнаған Жолдауын жариялағанын алға тартып, онда ел дамуына қажетті негізгі бағыттар мен батыл қадамдар көрсетілгенін жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында уақыт талабына сай даму бойынша негізгі бағыттар мен батыл қадамдарды көрсетіп берді. Ол еліміздегі барлық салаларға арналып отыр. Сондықтан осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету – депутаттық корпустың негізгі міндеті. Ең алдымен мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту үшін жыл соңына дейін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаға түзетулер пакетін қабылдау қажет. Президент сапалы жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңғыртылған заңнамалық негіз қажет екенін баса айтты. Бұл жерде жыл соңына дейін әзірленуі тиіс «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң өте маңызды, бұл заң өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін болады», деді Спикер.
Экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заң жобасы аясында Мәжіліс Төрағасы депутаттардың назарын Мемлекет басшысының жаңа құрал – стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу бастамасын заңнамалық қолдаудың өзектілігін айтты.
«Жыл соңына дейін Үкіметке квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алуларын қамтитын бірыңғай заң әзірлеу тапсырылды. Бұл тақырыпты депутаттар бірнеше рет көтерген болатын. Президент біздің алдымызға Үкіметпен және «Атамекен» ұлттық палатасымен бірге Салық кодексі мен заңға тәуелді актілерді қайта қарау туралы міндет қойды. Жыл соңына дейін біз Экологиялық кодексті қабылдауымыз қажет, оның жобасы бізде қаралып жатыр. Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи байлықтарын заңнамалық түрде қорғап, осы салада құқық бұзушылық жасаған азаматтарды қылмыстық және әкімшілік қудалауды қатаңдату қажет», деді Н.Нығматулин.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, депутаттарға құқық қорғау және сот жүйесін реформалау, бизнесті құқық қорғау органдарының шамадан тыс араласуынан қорғау, азаматтарды, әсіресе балаларды кибербұзушылықтан қорғау үшін заңнамалық негіз қажет.
Осылайша, 2021 жылдан бастап прокурорларға адам құқықтары мен бостандығына қатысты қылмыстық істер бойынша негізгі процессуалдық шешімдерді мақұлдау міндеті заң жүзінде жүктеледі. Учаскелік инспектордың мәртебесі заңнамалық тұрғыда жоғарылап, нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндіктер беріледі.
«Біздің алдымызда бизнесті күш құрылымдарының шамадан тыс араласуынан заңды түрде қорғау міндеті тұр. Мемлекет басшысы азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдауды, азаптауға қарсы күрес, адам саудасына қарсы күрес заңнамаларын жетілдіруді тапсырды. Оған қоса, жыл соңына дейін қоғамдық кеңестер туралы заң қабылдауымыз керек, ол қазір біздің Палатада жатыр. Қоғамдық бақылау туралы заң мен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңды әзірлеу мен қабылдау тапсырмасы да өзекті. Міне, жыл соңына дейін бірнеше айда қарастыратын заң жобаларының шағын тізімі осы. Бұл бізді үлкен жұмыс күтіп тұрғанын көрсетеді. Тағы да қайталаймын, біздің басымдығымыз – Президент Жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету. Барлық депутаттық корпус пен фракциялар Жолдауды заңнамалық қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрін іске асыратынына сенімдімін», деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар жалпы отырыста Палата бірқатар маңызды құжаттарды жұмысқа алды. Атап айтқанда, «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» қаржылық заң жобалары.
Палата отырысында депутаттар «Техникалық реттеу туралы» және оған ілеспе заң жобаларын да жұмысқа алды. Жаңа құжаттардың қатарында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заң жобасы бар.
Бұдан бөлек, депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобаларын да жұмысқа алмақ. Атап айтсақ, ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екі ел астаналарында елшіліктердің жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісім, Қазақстан мен Солтүстік Македония, Болгария, Корея елдері арасындағы сотталған адамдарды беру шарттары туралы заң жобалар бар.
Сондай-ақ алдағы уақытта қарастырылатын құжаттардың ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенция, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру, ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімдер бар.
Жалпы отырыста депутаттар бірқатар заң жобаларын ратификациялады. Олар: Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы.
Сондай-ақ Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру шартын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Осы мәселеге байланысты баяндама жасаған Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстанның алты азаматы – бес ер адам және бір әйел жазасын өтеп жатыр. «Қазақстанның алты азаматының бесеуі бір қылмыстық іс бойынша қамалған. Олар топ құру, абайсызда кісі өлтіру және тонау бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Бір адам есірткі саудасымен айналысқаны, шамамен бес кило психотроптық заттар сатқаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған», деді Б.Дембаев.
Жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Құрманованың, Н.Дулатбековтің, Н.Әбдіровтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды. Сондай-ақ Палата депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы етіп депутат Қанат Мусинді сайлады. Отырыс соңында Мәжіліс депутаттары мемлекеттік органдар басшыларына депутаттық сауалдар жолдады.
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:35
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Бүгін, 19:59
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:45
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 18:42
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Бүгін, 18:35
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Бүгін, 18:22
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Президент • Бүгін, 18:07
Ақтауда «ИК» тобының кешін ұйымдастырған қонақүй иесіне айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 18:04
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Бүгін, 17:16
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді
Үкімет • Бүгін, 17:06
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 17:02
Атыраулық полицей пәтерге балкон арқылы кіріп, 7 жастағы қызды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтыруда
• Бүгін, 16:36
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Бүгін, 16:10
Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Бүгін, 15:59
Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады
Саясат • Бүгін, 15:58
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:35
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 15:34
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Бүгін, 15:25
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:23
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды
Әлем • Бүгін, 15:04
Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты кітап фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 14:48
Азия чемпионаты: Валентина Исламова мен Елмира Сыздықова финалға шықты
Күрес • Бүгін, 14:23
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті ашылды
Медицина • Бүгін, 13:31
Грузияда локдаунның орнына мемлекеттік демалыс жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:50
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Бүгін, 12:47
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Бүгін, 12:25
Руханият • Бүгін, 12:10
Нысана көздеуден халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:57
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Бүгін, 11:50
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Президенттің сынынан кейін министрлікте жол сапасы талқыланды
Қоғам • Бүгін, 11:37
Баландин мен Мусин Ақтөбедегі лицензиялық ел біріншілігінде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:29
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Бағдарламалар • Бүгін, 11:18
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Балқашта жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Сот шешімін орындамаған азамат қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
505 мыңнан астам қазақстандық вакцина салдырды
Қазақстан • Бүгін, 11:05
Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?
Спорт • Бүгін, 10:56
Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл аймаққа» өтті
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
Экология • Бүгін, 10:27
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Видео • Бүгін, 10:17
Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі
Қазақстан • Бүгін, 09:48
Өткен тәулікте тағы 2641 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:36
2002 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Доллар қайтадан арзандай бастады
Қаржы • Бүгін, 09:22
Грек-рим күресінен Азияның үздіктері кім?
Спорт • Бүгін, 09:21
Сарыала қаздың қаңқылы естілді
Руханият • Бүгін, 08:51
Оқиға • Бүгін, 08:50
Өрт қауіпсіздікті сақтамағаннан шығады
Қоғам • Бүгін, 08:42
Ақмолалықтар Ақкөлге қарап бой түзейді
Технология • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:33
Әлем • Бүгін, 08:30
Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту орталықтары
Оқиға • Бүгін, 08:26
Елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
Оқиға • Бүгін, 08:24
Ұқсас жаңалықтар