Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

Ауадағы қауіпті LED-экран ескертеді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы ірі сауда орталықтарына ауаның ластану деңгейін көрсетіп тұратын LED-экрандар іліне бастады. Үлкен экрандарда қаладағы ауа құрамын бақылайтын мекемелер жинаған мәліметтер жарияланады.

Ауадағы қауіпті LED-экран ескертеді

Облыс орталығындағы ауа сапасын бақылайтын 4 бекет бар. Оның екеуі ауа құрамындағы зиянды зат­тарды автоматты түрде анықтайды. Бекеттердің әр­қайсысы айналасы 5 шақы­рым­дық аумақты қамти алады. Олар өздеріне тиесілі аумақ­тағы атмосфераны тек­серіп, LED-экранға әр 10 минут сайын ауаның сапасы туралы мәлімет жіберіп отырады. «Қазгидромет» ма­­мандарының айтуынша, ауа сапасын бақылайтын 4 бекеттен түскен мәлімет­тердің нәтижесінде Қоста­най қаласының жалпы эколо­гия­лық ахуалы анықталады.

– Тұрғындар LED-экран бетінен ауадағы шаң-тозаң, күкірт, газ концентраттары деңгейін, оксид, азот диоксидінің қаншалықты мөл­шерде екенін көре ала­ды. Жалпы, өзге қалалардың атмосфералық ластану көр­сеткішімен салыс­тырғанда Қостанай қаласы­ның ауасы анағұр­лым таза, – дейді «Қазгидрометтің» облыстық филиалына қарасты зертхана бастығы Никита Радченко.

 

ҚОСТАНАЙ

 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50