Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Павлодар стадионындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мониторингтік топ мүшелері Павлодар қаласындағы бас спорт аренасындағы жұмыстарға оң бағасын берді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Павлодар стадионындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Облыстық туризм және спорт басқармасында хабарлағандай, спорттық инфрақұрылымдағы жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалайтын арнайы топ орталық стадиондағы ретке келтіру жұмыстарымен танысты.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында футбол алаңы мен жарыс жолын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Барлық жұмыстарды "Цитадель" ЖШС атқарды", - деп хабарлады туризм және спорт басқармасынан. 

Жарыс жолын жаңартудың арқасында Павлодарда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатын өткізу мүмкіндігі туды. Жоба құны - 138 млн теңге.


Соңғы рет 2014 жылы ауыстырылған футбол алаңы болса, биыл 168 млн теңгеге жаңартылды. 105х68 метрлік жасанды көгалда кәсіби футболшылармен қатар, балғын спортшылар да шеберлігін шыңдай алады.

Айта кетейік, "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша "Астана" мұз сарайының шатыры мен 10 кВт кабелі толығымен ауыстырылды. Мұндағы жұмыстардың құны 200 млн теңге шамасында болды.

Павлодардың спорт нысандарын жөндеу кезінде биыл Жұмыспен қамту орталығы арқылы 100 адам табыс көзімен қамтылды.