Емдеу мекемесіне «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 190 млн теңге бөлініпті. 1985 жылы пайдалануға берілген амбулатория ғимараты содан бері бірнеше рет жеңіл-желпі ғана жөндеуден өткен. Тобыл кенті әкімінің орынбасары Аманжол Есмағамбетовтың айтуынша, мердігер серіктестік бүгінге дейін ғимараттың жабыны мен жылу жүйесін ауыстырып, инженерлік коммуникация жұмыстарын өткізген. Енді ішкі әрлеу жұмыстары мен сыртқы ауланы аббаттандыру ғана қалыпты.
- Құрылыс нысанында 30-35 адам жұмыс істеп жатыр. Жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады, - деді мердігер серіктестіктің бригадирі Олег Кушнир.
Құрылысшылар амбулаториядағы күрделі жөндеу жұмыстарын біршама еңсеріп қалған. Ал дәрігерлер жергілікті өнер мектебінің ғимаратын уақытша паналап отыр.
Қостанай облысы