Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

948 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен бұрынғы ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменова енді білім саласының тізгінін қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшы  Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын, Қостанай Бизнес және басқару институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Білім саласындағы тәжірибесі мол, қызметін қазақ тілі пәнінің мұғалімінен бастаған. Мемлекеттік қызметке 2002 жылы келді. Зәуре Әнуарбекқызы 2002 жылы білім департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың тамызында Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөліміне басшылық етті. 2010 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бөлім басшысы болса, ал 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Лисаков қаласында білім бөлімін басқарды. Үш жылдан астам Федоров ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдың тамызынан 2019 жылғы ақпанға дейін ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қостанай облысы