Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг аясында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұқаралық спорттың дамуына ерекше назар аударды. Қаржы тапшылығы жағдайында, кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мағынасы жоқ екендігі атап өтілді. Өңірлерде спорт секцияларын ашуға және балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріліп отыр.
«Бұл мәселені шешу үшін 2020 - 2025 жылдарға арналған дене шынықтыруды және бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары аясында іс-шаралар жүзеге асырылатын болады, онда білім беру ұйымдарында тегін спорт секцияларын ашу, мектеп оқушылары мен студенттердің спорттық лигаларын құру, мектептерді спорттық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету қамтылады», — деді Н. Дәуешов.
Бүгінгі таңда елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 5 млн астам адам айналысады, бұл ел халқының 30,6%-ын құрайды. Кешенді жоспарға сай бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 7,5 млн адамға дейін немесе 45% жеткізу көзделген. Жалпы, вице-министрдің айтуынша, бүгінде елімізде дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатымен балалар мен жасөспірімдер үшін жағдай жасалып келеді. Мысалы, 2019 жылы 11 жаңа балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды. Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған 477 спорт мектебінде 350 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спорт түрлерімен шұғылданады. Бұл ретте аталған спорт мектептеріндегі секциялар тегін өткізіледі. Мемлекет басшысы балалар энергиясын дұрыс арнаға бағыттаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін балалар мен жастардың шығармашылық әлеуеті мақсатында өңірлерде ұлттық қолөнер орталықтарын ашу жоспарлануда, онда жас ұрпақ өкілдері шығармашылық және қолөнер негіздерін меңгеретін болады.
«Бүгінгі таңда осындай кешендердің бірі Жамбыл облысындағы «Шахрестан» орталығы болып табылады. Бұдан басқа, Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті кешенінің базасында қолөнер орталығын ашу жоспарлануда. Осы орталықтардың жұмыс істеу тәжірибесін зерделегеннен кейін ел өңірлерінде қолөнер орталықтарының желісін кеңейту бойынша одан әрі жұмыс жүргізілетін болады», — деді Н. Дәуешов.
Балаларды шығармашылыққа жаппай тартудың осындай қағидаты бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі мәдениет ұйымдарында шығармашылық үйірмелер құруға бастамашылық жасалады. Бұл балаларды дамыту мақсатында бос уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, талантты балаларды ерте кезеңде анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, мәдениет және өнер ұйымдарында ересектермен белсенді өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар іске асырылады. Осы мақсаттар үшін ең алдымен Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет ұйымдарына осындай құқық беру жөніндегі қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық етуді жоспарлауда.
Сондай-ақ, Жолдауда мұғалімдердің әл-ауқатын арттыруға және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 25%-ға арттыруға назар аударылды. Бұл бағытта Мәдениет және спорт министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25%-ға ұлғаятын болады. Бүгінде ҚР Парламент Мәжілісінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған заң жобасы қарастырылып жатыр. Құжаттың аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізу мәселесі пысықталуда.
«Мемлекет басшысының Жолдауында аталып өткен стратегиялық бағдарларды сапалы және уақытылы орындау үшін министрлік тарапынан барлық тиісті шараларар қабылданатын болады», — деп түйіндеді Р. Дәуешов.
Елордада саябақтар салу қалай жоспарланады
Елорда • Бүгін, 23:14
Сабыржан Аққалықов бас жүлдені олжалады
Спорт • Бүгін, 22:48
Өрт сөндіруші өртеніп жатқан үйден ұйықтап жатқан адамды алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 22:27
Елнұр Сүйінбай да финалда ұтылды
Спорт • Бүгін, 21:58
Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 21:29
Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 21:05
Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:46
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады
Қоғам • Бүгін, 20:15
«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдар форумы өтті
Қоғам • Бүгін, 19:57
Ескекшілер Азия чемпионатына даярлануда
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыдағы МӘМС-те қанша адам сақтандырылмаған?
Медицина • Бүгін, 19:10
Қазақстанда еңбек мигранттарының табысынан зейнетақы жарналары есептеле бастады
Қоғам • Бүгін, 18:59
Шығыс Қазақстан халқы қас батырын еске алды
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
Елбасы • Бүгін, 18:35
«ҚазАвтожолдың» жаңа басшысы бұрын сотталған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:28
Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда
Спорт • Бүгін, 18:22
Қоғам • Бүгін, 18:07
«Bi Global-дың» жоба жетекшісі 53 млн теңге айыппұл төлейді
Елорда • Бүгін, 17:31
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
• Бүгін, 17:00
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Бүгін, 17:00
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:37
Пара алған шенеунік 72 млн теңге айыппұл төлемек
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Ұқсас жаңалықтар