Әлем • 03 Қыркүйек, 2020

11 қыркүйектен бастап Алматы мен Ташкент арасындағы әуе рейсі ашылады

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Қазақстанмен арада қатынайтын әуе рейстерін қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz Uzbekistan Airways АҚ компаниясына сілтеме жасап.

11 қыркүйектен бастап Алматы мен Ташкент арасындағы әуе рейсі ашылады

Атап айтқанда, Ташкент – Алматы – Ташкент бағытындағы алғашқы рейс 11 қыркүйекке белгіленіп, аптасына бір рет (жұма күні) ұшады. 

  • Ташкент – Дубай-Ташкент – 4 қыркүйектен бастап аптасына бір рет (жұма);
  • Ташкент – Франкфурт – Ташкент – 10 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (бейсенбі);
  • Ташкент – Алматы – Ташкент – 11 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (жұма);
  • Ташкент – Бішкек – Ташкент – 14 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (дүйсенбі);
  • Ташкен – Ыстамбул – Ташкент – 4, 7, 11, 14, 16, 18, 21, 23, 24, 25, 28 және 30 қыркүйек күндері.

Аталған елдерден Uzbekistan Airways АК рейстерімен Өзбекстанға ұшуды жоспарлап отырған жолаушылар рейстің ұшуына дейін 72 сағат жарамды болатын COVID-19 инфекциясына (ПТР әдісімен) тапсырылған тест туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.

Бұдан бөлек, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Түркия елдерінен тұрақты рейспен ұшып келетін жолаушылардың қолында COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін анықтама болуы керек. Олар термометриядан өтіп, 14 күн өзін-өзі оқшаулауға міндеттейтін анкетаны толтыруы қажет.