Жақсы іске жаны іңкәр Ернат Мелсұлы, Дәулетқали Асауов пен Жасұлан Үкеевтер Нұр-Сұлтан қаласынан қияндағы Жидебайға дейін мың шақырымдық жолды велосипедпен жүріп өтуге бел буған. Басты мақсат ұлы Абайдың мұрасын насихаттау. Бірі ағылшын тілінің маманы болса, екіншісі журналист және археолог. Олар бір күнде 160 шақырымнан астам жерді жүріп өтіп, Ерейментауға ат басын тіреді.
Одан әрі Павлодар, Семей, Бөріліні басып өтіп, Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кешеніне жетпек. Жол бойы хакім мұрасын насихаттау, жалпақ жұрттың назарын мәңгі өлмес мұра қалдырған кемеңгердің шығармашылығына аудару үшін зиялы қауыммен кездесулер өткізбек. Ел де елеулі сапарды ескеріп, жол бойы құшақ жайып қарсы алып, қошемет көрсетуде.